Экскурсия туралы
Сізді не күтеді
Жоба үздік музыкалық ұжымдарды, танымал қазақстандық орындаушыларды, этно-музыканы, заманауи шоулар мен отбасылық бағдарламаларды біріктіріп, биылғы жазда елорданың басты мәдени-көпшілік алаңдарының біріне айналды.
Фестивальдің ашылуы 25 шілдеде өтті. Бағдарламада Қазақстанның бай музыкалық мұрасын таныстыратын ауқымды этно-музыка фестивалі ұсынылды.
1 тамыз – заманауи музыкалық бағыттарды, би шоуларын және танымал әртістердің өнерін тоғыстыратын «Astana Rhythm Fest» музыкалық фестивалі.
8 тамыз – «Заманауи хиттер» концерті.
15 тамыз – Батырхан Шүкенов пен «А-Студио» тобының әндерінен құралған музыкалық кеш.
22 тамыз – «MTV әлемдік хиттері» концерті.
Хедлайнерлер: RaiM, Еркеш Хасен, Dosekesh, «The Jigits», «RinGo» топтары, сондай-ақ «Қорқыт», «Гәкку», «Шабыт», «SARYN» этно-ансамбльдері және басқа да өнерпаздар.
30 тамыз – «Expo Kids Day» балалар фестивалі.
Қонақтарды интерактивті ойындар, викториналар, флешмобтар, анимациялық бағдарлама және балалар дискотекасы күтеді.
Барлық іс-шаралар alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығының жанындағы EXPO жазғы сахнасында өтеді. Концерттік бағдарлама сағат 19:30-да басталады.
«Expo Music Fest» – елорданың ең заманауи қоғамдық кеңістіктерінің бірінде сенбі күнгі жазғы кештерді жанды музыка, жарқын эмоциялар және отбасылық демалыс атмосферасында өткізуге тамаша мүмкіндік.
Барлық іс-шараларға кіру тегін.
Қосымша ақпарат алу үшін: +7 775 538 88 84.
Facebook: https://www.facebook.com/qazexpocongress/?locale=ru_RU
Instagram: https://www.instagram.com/_qazexpoconggress_/
Telegram арнасы: https://t.me/qazexpocongress
X (Twitter): https://x.com/i/flow/login?redirect_after_login=%2Fqazexpocongress
Экскурсия туралы