Экскурсия туралы
Сізді не күтеді
izi.TRAVEL әлемнің 166 елінде кеңінен қолданылады. Қосымшаны Google Play немесе App Store арқылы смартфонға не планшетке жүктеп алуға болады. Платформада әлемнің 6 500 қаласы бойынша 30 000-нан астам тур ұсынылған.
izi.TRAVEL қосымшасы – Астана бойынша саяхат кезінде пайдаланылатын мобильді аудиогид. Оның көмегімен әрбір қонақ қаладағы көрікті жерлер, тарихи ескерткіштер және өткен ғасырдан сақталған тарихи-мәдени нысандар туралы қызықты мәліметтерді еркін тыңдай алады.
Аудиотур GPS-навигация функциясын пайдаланады. Мұндай тур бірнеше көрікті нысанды қамтитын бағытты ұсынады және әрбір нысанға арналған жеке аудиоақпаратпен толықтырылған. Турист маршруттағы белгілі бір нүктеге жақындаған кезде аудиожазба автоматты түрде іске қосылады.
Астана бойынша 6 аудиоэкскурсияны тыңдаңыз:
– Нұржол бульвары бойынша жаяу экскурсия https://izi.travel/ru/b6d1-peshaya-ekskursiya-po-bulvaru-nurzhol/ru
– қаланың ескі бөлігі бойынша серуен https://izi.travel/ru/3c2c-peshaya-progulka-po-staromu-gorodu/ru
– Ұлытау аллеясы бойынша экскурсия https://izi.travel/ru/2584-ulytau-alley/en
– Жетісу саябағы бойынша экскурсия https://izi.travel/ru/170b-park-zhetysu/ru
– Астана қаласының тарихи-мәдени маңызы бар ескерткіштері мен нысандары бойынша жаяу экскурсия https://izi.travel/ru/e116-peshaya-ekskursiya-po-pamyatnikam-i-obektam-istoriko-kulturnogo-znacheniya-goroda-astana/ru
– Қаланың жағалауы мен Орталық саябағы бойынша экскурсия https://izi.travel/ru/209a-naberezhnaya-centralnyy-park/ru
Экскурсия туралы