Жастар театры – сан қырлылығымен, жаңашылдығымен қазақ театр өнерінде өзіндік орнын айшықты түрде белгілеген, жас та болса, жасампаз өнер ордаларының бірі. Небәрі 16 жылдық тарихында халықаралық, республикалық деңгейдегі байқаулардан 16 бірдей Гран-При жүлдесін қанжығасына байлауы – жас ұжым өнерінің бағытына бағдар, өрісіне өлшем.   

Жастар театры Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен 2007 жылы шілде айының 5-ші жұлдызында құрылды. Өнер ордасы өз шымылдығын Шыңғыс Айтматов пен Әбіш Кекілбаевтың «Шыңғысхан» спектаклімен (инсценировка авторы Жаныш Құлмамбетов, қоюшы режиссері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбай) түрді. Бүгінгі таңда театр директорының міндетін атқарушы Эскулов Азамат Жұмайбұлы. Көркемдік жетекші және бас режиссер – театрдың негізін қалаушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбай.

Театр актерлерінің 99 пайызы Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының түлектері – профессор, ҚР білім беру ісінің үздігі, режиссер Нұрқанат Жақыпбай шеберханасында тәрбиеленген шәкірттер. Өнердің үлкен даңғылына шыққан жас театрдың негізін қалаушы бір топ қыз-жігіттер - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дәурен Серғазин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әділ Ахметов, ҚР Мемлекеттік Президент стипендиясының иегері Жандәулет Батай, ҚР Мемлекеттік Президент стипендиясының иегері Айнұр Рахипова, «Еңбек даңқы» төс белгісінің иегері Азамат Эсқұлов, «Қазақстан патриоты» мерейтойлық белгісінің иегері Бақыт Хаджыбаев, кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігінің «Құрмет» грамотасының иегері Мәдина Май мен Махаббат Мадғұлова бүгінгі таңда ұжымның аға буыны.

2015 ЖЫЛДЫҢ 1 НАУРЫЗЫНАН БАСТАП ЖАСТАР ТЕАТРЫ ЖАҢА ҒИМАРАТҚА ИЕ БОЛЫП, ІХ ТЕАТР МАУСЫМЫНЫҢ ШЫМЫЛДЫҒЫН ТӨЛ ШАҢЫРАҒЫНДА ТҮРДІ.

 

БҮГІНДЕ ТЕАТР РЕПЕРТУАРЫНДА 68 СПЕКТАКЛЬ БАР. КӨПШІЛІКТІҢ ҚОШЕМЕТІНЕ ИЕ БОЛҒАН ӨНЕР ТУЫНДЫЛАРЫНЫҢ ӘРҚАЙСЫСЫ - АЙРЫҚША АТАП ӨТУГЕ ЛАЙЫҚ.

Бару ұсынылады