Тұңғыш Президент мұражайы сэр Норман Фостердің ерекше сәулеттік идеясын бейнелейтін «Назарбаев орталығы» ғимаратында орналасқан.
Ғимарат аспанға бағытталған алып көз пішінінде салынған. Архитектордың ойы бойынша, бұл қайталанбас пішін Қазақстанның өміршең күшін білдіреді.
Мұражай экспозициясы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен қызметінің әр кезеңіне, сондай-ақ Қазақстанның тәуелсіздік тарихына арналған мұрағаттық құжаттар, фотосуреттер, бейнематериалдар мен экспонаттардың кең коллекциясына негізделген.
Мұражай залдарында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің мемлекеттік және қоғамдық наградалары, шетел мемлекеттері мен үкімет басшыларынан, халықаралық ұйымдардан сыйға тартылған дипломатиялық сыйлар мен кітап басылымдары коллекциялары қойылған.
Тұрақты экспозициялардан бөлек, мұражайда уақытша көрмелер де өткізіліп тұрады.
Жұмыс уақыты:
Сейсенбі–Жексенбі (10:00–17:00)
Дүйсенбі – демалыс күні