«Отан Қорғаушылар» монументі

«Отан Қорғаушылар» монументі

Мекенжай: Тәуелсіздік даңғылы Қ.Мұңайтпасов к-сі қиылысы

Ескерткiштiң бедерiнде кескiнделген жаужүрек батырлар бейнесi, үнсiз ғана аман қайтуын тiлеген Отан-Ананың қайғылы жүзi мен мәңгiлiк алау – халықтың батырлыққа жасалған тағзымы секiлдi. Отан қорғаушылар монументi елiмiздегi ең әдемi әрi қастерлi саналатын ескерткiштердiң бiрiне айналып отыр.

Ананың мүсіні бар қола стелла үш жағынан жасыл желекті баспалдағы бар көтеріңкі шаршы негізге орналастырылған. Арғысы жоңғар шапқыншылығы мен бергiсi Ұлы Отан соғысына дейiн елiн, жерiн жаудан қорғау жолында құрбан болғандар рухына тағзым етер орын ретiнде қабылданады. Отан-Ананың қолына ұстап тұрған тостағаны сусальды алтынмен қапталған 24 метрлік мемориал таза 63 тонна қарағанды қоласынан жасалған және мыс қолданылған.

Мұнда Жеңіс күні шерулері өткізіледі, маңайындағы үйлерде тұратын жас аналар сәбилерін қыдыртып, ғашықтар кездесіп жүреді, жасөспірімдер роликтер мен скейтбордта өз өнерлерін көрсетеді. Түрлі түспен безендірілген биші субұрқақтар, ыңғайлы орындықтар, жасыл желектер, Гребной каналдағы желкендер мен гүлшоғырлары – Отан қорғаушылар монументі қалалықтар мен қонақтардың жүрегінен орын алған.

Бару ұсынылады