Кенесары ескерткіші

Кенесары ескерткіші

Мекенжай: Есіл өзенінің оң жағалауы, Сарыарқа ауданы

Мекен жайы: Оң жағалау, Сарыарқа ауданы (Оқушылар сарайы ғимараты жанында)

Жағалауда серуендеп жүрсеңіз, Есіл өзенінің жағалауынан бой көтерген атты адамның ескерткішіне назар аударатыныңыз сөзсіз. Ол - мемлекет қайраткері, қолбасшы хан Кенесарының ескерткіші. Бұл ескерткішті тәуелсіздіктің және қайта қалпына келтірілген қазақ мемлекеттілігінің басты символы деуге болады.

Өйткені, Қазақтың соңғы сұлтаны, Абылай ханның ұрпағы Кенесары Қасымов Қазақ хандығының тәуелсіздігі үшін болған маңызды көтерілістің көсемі болған. 1841 жылдан бастап ол Ресейдің патша өкіметі жойып жіберген хан билігін қалпына келтіруді талап еткен қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысына басшылық етті. 1841 жылы қыркүйекте қазақтардың үш жүзі бас қосқан құрылтайда Кенесарыны хан көтеріп, қазақ хандығы қалпына келтірілді.

Ескерткішті жасауға байланысты жұмыстарды мүсінші Нұрлан Далбай мен белгілі сәулетші Шота Уәлиханов орындады.Мүсінде атқа мінген ханның қола бейнесі қола тұғырға орнатылған. Ескерткіштің жалпы биіктігі – 11 метр (бейне биіктігі – 6 метр, тұғырдың биіктігі – 5 метр), ал салмағы 10 тоннаға жуық. Кенесары хан ескерткіші - қаланың ең көрнекті орындарының бірі және ол - Қазақстандағы ең биік және сүйікті атты ескерткіштердің бірі.

Бару ұсынылады