Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені

Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені

Мекенжай: Ақмол ауылы, Линейная көшесі, строение 2Б.

Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені – ХХ ғасырдың 30-50-ші жылдардағы жаппай репрессия құрбандарына арналған бірегей кешен. 2007 жылғы 31 мамырда Ақмола облысы, Целиноград ауданының Ақмол ауылында бұрынғы «Отанын сатқандар» әйелдерінің Ақмола лагерінің орнында тарихтың өткен жылдарындағы бірегей ескерткіші саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені ашылды. Мұражай 1997 жылғы «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын Еске алу күні – 31 мамырды белгілеу туралы» Жарлығының қабылдағанына 10 жыл және жаппай қуғын-сүргіннің басталғанына 70 жыл толуына орай ашылды.

Мұражай кешені «Сталиндік вагоннан», «Қасірет қақпасы» монументінен,  тікенек сымды лагер қоршауы мен күзет мұнарасынан, «Түңілу мен әлсіздік» және «Күрес пен үміт» мүсіндік екі композициядан, «Көз жасы» стеласынан, тұтқын әйелдер тұрған барактан, Алаш бағынан, Зерде қабырғасынан, Ескерткіш белгілерден және мұражай ғимаратынан тұрады.

Мұражай экспозициялары екі қабатқа қойылған. Астыңғы қабаттағы «Алаш» залының экспозициялары Қазақстанның Ресейдің патшалық империясы құрамына кірген Кеңестік кезеңді, 1937 жылдың жаппай қуғын-сүргінін көрсетеді. Олар тарих беттері –  мұрағаттық құжаттар, фото-бейне материалдар, жауап-алудың хаттамасы, ату жазасына кескен бұйрықтар, қуғын-сүргінге ұшырағандардың жеке істерінен сыр шертеді.

Бірінші қабаттағы «АЛЖИР тұтқындары» деп аталатын экспозициялық-көрме залы «Отанын сатқандар» ақмолалық лагерінің тарихына, кінәсіз тұтқында отырған әйелдерге арналады. Мұнда олардың отбасылық фотосуреттері, жеке заттары

ЖҰМЫС КЕСТЕСІ

9:00-18:00 ДЕЙІН

(КАССА 9:00-17:00 ДЕЙІН)

демалыс күні – дүйсенбі

 

БАҒАНАМА

 

 

Экскурсиясыз бір адамға кіру билетінің құны

Экскурсиямен бір адамға кіру билетінің құны

Ересектер (қазақ/орыс тілінде)

1 200

2 700

Шетел азаматтары (ағылшын тілінде)

1 200

9 200

5-15 жас аралығындағы балалар

500

2 000

ФИЛЬМ

Бір адамға фильм көру құны

500

5 жасқа дейінгі балалар

тегін

Аудиогид

1 аудиогидті жалға алу

1 500

Аудиогид бұзылған жағдайда

10 000

50% ЖЕҢІЛДІКПЕН

III топтағы мүгедектер

(растайтын құжаттарды көрсеткен кезде)

600

1 350

ТЕГІН

5 жасқа дейінгі балалар

ҰОС ардагерлері мен мүгедектеріне кезектен тыс

(растайтын құжаттарды көрсеткен кезде)

I, II топтағы мүгедектер мен 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар

(растайтын құжаттарды көрсеткен кезде)

18 жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар

(растайтын құжаттарды көрсеткен кезде)

 

 



Бару ұсынылады