Қонақжайлылықтың жаңа стандарттары: Астана әкімдігі туристер кездесуіне дайындалуда

internal-image

Астана қаласында өтетін ірі іс-шараларға, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммитіне, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық аясында 24 маусымда елордада құқық қорғау органдары үшін трансформациялық фасилитациялық тренинг басталды.
Бұл тренингті Астана әкімдігі ұйымдастырып, ол ішкі және келу туризмін жақсарту және кеңейту бойынша жаңа идеяларды қалыптастыруға, туристермен жұмыс істеудің негізгі ережелеріне назар аударуға, сондай-ақ Қазақстанның туризм және қонақжайлылық саласындағы мемлекеттік саясатын түсінуге бағытталған.

Тренингке қатысушылар тиімді коммуникация стандарттарын, туристерге қатысты қарым-қатынас, мінез-құлық және қонақжайлылық ережелерін әзірлеуде білім мен дағдыларға ие болады.

Оқытудың маңызды бөлігі эмоциялар мен жанжалдарды басқару әдістерін игеріп, туристерге қызмет көрсетудің жоғары сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Тренингке құқық қорғау органдарының 180 қызметкері және көрнекті нысандарда жұмыс істейтін 50 гид пен экскурсоводтар қатысады.

Бұл халықаралық аренада елорданың оң имиджін нығайтуға ықпал ете отырып, Астана қаласының және бүкіл елдің туристік тартымдылығын жақсарту жолындағы елеулі қадам болып саналады.