- «Нағымбек Нұрмұхаммедов палитрасындағы дәуір бейнесі» атты мерейтойлық көрме

«Нағымбек Нұрмұхаммедов палитрасындағы дәуір бейнесі» атты мерейтойлық көрме
2024 жылғы 13 қараша пен 8 желтоқсан аралығында Қазақстан Ресубликасының Ұлттық музейінде «Нағымбек Нұрмұхаммедов палитрасындағы дәуір бейнесі» атты көрме өтеді.
Нағымбек Нұрмұхаммедов – қазақ бейнелеу өнерінің жарқын өкілі, ұлттық мәдениетіміздің дамуына зор үлес қосқан суретші. Оның шығармалары халықтың рухани дүниесін, тұрмыс-тіршілігін, қазақ халқының тарихи оқиғаларын шебер суреттейді. Туындыларында өмірдің негізі ретінде еңбек құндылығын атап өтіп, жер мен қоғамға күш-қуатын жұмсаған адамдарға құрмет көрсетеді. Суретшінің шығармашылығы арқылы сол дәуірдің еңбек адамдарына деген құрметін тануға, сол заманның бейнесін сезінуге болады.
Бұл іс-шара кескіндемеші, өнертану ғылымдарының кандидаты, Қазақ КСР-інің халық суретшісі Нағымбек Нұрмұхаммедовтың 100-жылдығына орай ұйымдастырылып, еліміздің мәдени өміріндегі маңызды оқиға болып табылады және суретші шығармашылығын ұлықтауға арналған.
Назар аударыңыз!
Дүйсенбі демалыс күні, айдың соңғы сейсенбісі санитарлық күн.
Бұл күндері музей жабық.
Әр айдың үшінші жексенбісінде
Қазақстан Республикасының тұрғындары үшін мұражайға кіру ТЕГІН (шетелдік көрмелерді қоспағанда).