- Тілек Сұлтанның «Киелі кимешек» атты жеке көрме
Тілек Сұлтанның «Киелі кимешек» атты жеке көрме
2024 жылғы 6 желтоқсан пен 2025 жылғы 6 қантар аралығында Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Тілек Сұлтанның «Киелі кимешек» атты жеке көрмесі өтуде.
Тілек Сұлтан — Қазақстан Республикасының Ұлттық қолөнершілер одағының мүшесі, ЮНЕСКО халықаралық сапа белгісінің иегері. Халықаралық және республикалық конкурстардың белсенді қатысушысы, тігінші-шебер, қазақ ұлттық киімдерін зерттеуші, реставратор, насихаттаушы, коллекционер, танымал этнодизайнер. Қазақтың дәстүрлі қолөнеріне деген қызығушылығы бала кезінен басталды. Шебер бұл өнерді өзінің әжесінен үйренген. Бүгінгі таңда күрделі тігіндік әдістерін қолданып, көптеген ұлттық киімдерді, соның ішінде кимешек, жарғақ шапан, оюлы шалбар, әйелдер шапандары, сондай-ақ ерлер мен әйелдер тюбетейкелерін қайта жаңғыртты.
Тілек Сұлтан көптеген жылдар бойы әйелдерге арналған бас киім кимешекті зерттеп, оны белсенді түрде кестелеп, ұлттық киімдер мен әшекейлердің, тұрмыстық заттардың кең көлемді этнографиялық коллекциясын жинады.
Көрмеде Қазақстанның түрлі өңірлері мен ру-тайпаларына тән көне кимешектер және шебердің өз қолымен жасаған ұлттық бас киімдері ұсынылған.
Тілек Сұлтанның шығармашылығы қазақ мәдениетінің өткен мен қазіргі арасындағы тамаша үйлесімін көрсетеді.
Назар аударыңыз!
Дүйсенбі демалыс күні, айдың соңғы сейсенбісі санитарлық күн.
Бұл күндері музей жабық.
Әр айдың үшінші жексенбісінде
Қазақстан Республикасының тұрғындары үшін мұражайға кіру ТЕГІН (шетелдік көрмелерді қоспағанда).