Enactus Kazakhstan National Expo 2024
25 сәуір - 26 сәуір

Enactus Kazakhstan National Expo 2024

Congress Center EXPO

25-26 сәуір 2024 жылы Астана қаласында, EXPO Конгресс-орталығында ENACTUS KAZAKHSTAN NATIONAL EXPO 2024 Ұлттық мектеп пен студенттік кәсіпкерлік кубогы өтеді, онда Қазақстанның барлық аймақтарынан мектеп оқушылары, колледж және ЖОО студенттері, сондай-ақ бизнес және білім беру саласының жетекшілері жиналады.

Іс-шара басталуы: 09:00
Мекен-жайы: Гейдар Алиев көшесі 12, Congress Center EXPO

Ұйымдастырушы: ENACTUS Kazakhstan қоры

Ресми демеушілер:
Olzha Agro
KMF&KMF-Демеу
TURAN табиғи суы
Eurasian Resources Group
Raimbek Group
KT Cloud Lab
White&Case
Caravan Resources
"Aport" елдегі ең ірі сауда орталықтары
Kazakhstan Mining
TSSP
KazAgroFeed
ABS Строй
Leader Engineering group
NES Kazakhstan

Ресми серіктестер:
"Қазақ Туризм" ҰК" АҚ
«Атамекен» ҰКП
Астана қаласының әкімдігі
ҚР Жоғары білім және ғылым министрлігі
Visit Astana
Астананы даму орталығы

ENACTUS KAZAKHSTAN NATIONAL EXPO 2024 – Қазақстандағы ENACTUS халықаралық бағдарламасының қатысушыларының жобалық жұмыстарының жыл сайынғы көрмесі. Жарыс демеуші компаниялар көрмесін, жұмыс орындары жәрмеңкесін, жұмыс берушілермен бизнес кездесулерін, питчинг және арнайы байқауларды қамтиды.

Басты оқиға – студенттік кәсіпкерліктің Ұлттық кубогының финалы, оның қорытындысы бойынша жеңімпаз команда Қазақстанның намысын ENACTUS WORLD CUP 2024 әлем чемпионатында қорғауға құқылы.

ENACTUS тарихында әлем кубоктары Лондон, Париж, Йоханнесбург, Пекин, Вашингтон сияқты қалаларда өткен. Биыл әлемдік чемпионатты өткізу құқығы біздің елге берілді. Алғаш рет Қазақстан астанасы Астана қаласында әлемнің үздік студенттік бизнес жобаларының әлем кубогы өтеді!

Бағдарламада:
- World Cup League: ENACTUS Ұлттық кубогы, әлем кубогына жолдама үшін негізгі жарыс алаңы;
- Early Stage League: даму бастапқы кезеңіндегі жобалар байқауы;
- V Республикалық мектеп оқушылары кәсіпкерлік чемпионаты ENACTUS #NextGenLeaders;
- ENACTUS Kazakhstan колледж оқушылары арасындағы кубок.

ENACTUS KAZAKHSTAN NATIONAL EXPO 2024 Ұлттық кубогында жас көшбасшылар әлеуметтік кәсіпкерлік, экологиялық және инновациялық жобаларды ұсынады, олар 17 Даму мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған.
Биылғы маусымда ENACTUS KAZAKHSTAN NATIONAL EXPO 2024-те 200-ден астам команда қатысады.

Егжей-тегжейлі ақпаратты www.enactus.kz сайтынан алуға болады

Толығырақ
"Щелкунчиктің шытырман оқиғалары" балалар шыршасы
"Щелкунчиктің шытырман оқиғалары" балалар шыршасы
Толығырақ
Толығырақ
"Щелкунчиктің шытырман оқиғалары" балалар шыршасы
"Щелкунчиктің шытырман оқиғалары" балалар шыршасы
Толығырақ
Толығырақ
"Qazaqstan LIVE Fest 2025" халықаралық көрмесі
"Qazaqstan LIVE Fest 2025" халықаралық көрмесі
Толығырақ
Толығырақ
"InfraTech Kazakhstan 2025" халықаралық көрмесі
"InfraTech Kazakhstan 2025" халықаралық көрмесі
Толығырақ
Толығырақ
IFLA халықаралық конгресі
IFLA халықаралық конгресі
Толығырақ
Толығырақ
Isaac 15-ші халықаралық конгресі
Isaac 15-ші халықаралық конгресі
Толығырақ
Толығырақ