«Дәстүрлер өнері» көрме
17 мамыр - 30 маусым

«Дәстүрлер өнері» көрме

Қазақстан Ресубликасының Ұлттық музеі

2024 жылғы 17 мамырда Қазақстан Ресубликасының Ұлттық музейде халықаралық «Дәстүрлер өнері» көрме ашылады. Жоба заманауи өнердің видеоарт, арт-инсталляция, фотосурет, арт-перформанс сынды бірнеше бағыттарын қамтиды.
Көрмеде италиялық фотограф Габриэле Галимберти мен австриялық суретші Норберт Брюннердің туындылары және «Adyr Aspan» (Қазақстан) шығармашылық тобының бейне арт перформансы ұсынылады.
Көрме – Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі мен 365ART компаниясының (Швейцария) бірлескен жобасы.
Жоба Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен швейцариялық «Interprospekt Group» компаниясының қолдауымен жүзеге асырылды.
Танымал халықаралық италиялық фотограф Габриэле Галимберти «Оның асханасында» («In her Kitchen») фотожобасын жүзеге асыру үшін 25 елдің шекарасынан асқан. Фотограф көрермендерге әйелдер ұлттық тағамдардың құпияларымен бөлісетін әртүрлі елдердің асханаларындағы дәстүрлермен танысуды ұсынады. Музей қонақтарына «Дәстүр өнері» жобасы шеңберінде осы мерейтойлық іс-шараға арнайы түсірілген фотосуреттермен бірінші болып танысу мүмкіндігі беріледі.
Фотограф Габриэле Галимберти Италияның Тоскана өлкесіндегі Ригутино қаласында туылған. Ол өзінің алғашқы туындыларын студенттік шағында жасады. Бүгінде оның фотосуреттері әлемнің ең беделді баспаларында жарияланған. Олардың арасында National Geographic, The Sunday Times, Stern, Geo, Le Monde, La Repubblica, Marie Claire бар. Автордың жүлделерінің арасында World Press Photo Award, James Beard Foundation Award, Premio Amilcare G. Ponchielli, APP Prize және т.б. бар. Габриэле - National Geographic-тың ресми фотографы және Canon брендінің ресми өкілі.
Аустриялық автор Норберт Брюннердің «Уақыт капсуласы» («Time Pill») және «Ұлттық тағамдар – мәңгілік дәстүрлер» («Сook Local – Act Infinite») арт-инсталляциялары – ұлттық дәстүрлер мен мерекелік дастархан тақырыбының берілген уақыт аралығының әсері арқылы қарастырылатын концептуалды көрінісі. Біз жолдың ұзақтығы мен жағдайларына қарамастан, бәріміз «осында» және «қазір» болып қаламыз. Автор өнер, уақыт, кеңістік және дәстүр туралы философиялық көзқараспен ойлануды ұсына отырып, көрерменмен диалогқа түскісі келеді.
Норберт Брюннер Аустрияның Швейцариямен шекаралас жатқан Хохенемс қаласында дүниеге келген. Бүгінде Венада тұрып жұмыс жасайды. Концептуалды, бейнелі суретші сонымен қатар арт-инсталляцияларды жасайды және халықаралық деңгейде танымал. Автордың туындылары негізінен АҚШ, Аустрия және Германия аумағында ұсынылып, жеке коллекцияларға енген. Сондай-ақ, автордың көрмелері Claire Oliver Gallery (Нью Йорк), Бейкерштрассе 4 галереясында (Bäckerstrasse 4, Вена), Швейцария, Ресей, Қытай, Жапониядағы музейлер мен өнер галереяларында өтті.
ADYR-ASPAN шығармашылық ұжымы көрме жобасы аясында көпшіліктің назарына концептуалды «AQ dala» арт-перформансын ұсынады. Жеті қатысушының орындауындағы би Сарыарқаның қарлы даласында өтеді. Жаппай ақ киінген бишілердің қимылдары өздері өскен жердің дәстүрлі мотивтерін жеткізеді.
Көрме жобасының бейне арт, түсіру және түсірілім материалдарын монтаждау сынды жұмыстарын дарынды оператор Алмас Мақсұт жүзеге асырды. Назар аударыңыз!
Дүйсенбі демалыс күні, айдың соңғы сейсенбісі санитарлық күн.
Бұл күндері музей жабық

Толығырақ
"Щелкунчик" Балеті
"Щелкунчик" Балеті
Толығырақ
Толығырақ
Sadraddin концерті Астана қаласында
Sadraddin концерті Астана қаласында
Толығырақ
Толығырақ
QARA Forum 2024 Астана қаласында
QARA Forum 2024 Астана қаласында
Толығырақ
Толығырақ
«Евгений Онегин». Романнан үзінділер. Бүгінгі заман. Жаңа редакция
«Евгений Онегин». Романнан үзінділер. Бүгінгі заман. Жаңа редакция
Толығырақ
Толығырақ
Кватро Астана қаласында
Кватро Астана қаласында
Толығырақ
Толығырақ
Энканто
Энканто
Толығырақ
Толығырақ