- Әзірбайжан Мамбетов атындағы мемлекеттік театр
Әзірбайжан Мамбетов атындағы мемлекеттік театр
2017 жылы елімізде өткен айтулы жаһандық іс-шара «ЭКСПО» халықаралық көрмесінен кейін «Энергия Холы» көрме кешенінің бұдан кейінгі пайдалану жоспары таныстырылып, концерт залын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті «Жастар жылы» бастамасына қарсаңында жастарды қолдау мақсатында қала басшылығының тапсырмасымен, ғимарат жастарға берілді. 2018 жылдың 1 қарашасында ашылған «Nomad City Hall» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіп орнына басшы ретінде көпшілік арасында жастарға арналған жобаларымен танымал, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Кабатов Турсынбек Амангалиевич тағайындалды.
Турсынбек Амангалиевич басшылығындағы «Nomad City Hall»-дың құрылғанына аз уақыт болса да елорда жұртшылығына танылған мәдениет орталығында Республикалық және әлемдік деңгейдегі форумдар, әлем және Қазақстан жастарының басын қосқан фестивальдер, Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен мерекелік концерттер, әртүрлі саладағы жиындар өтуде. Сонымен қатар, Елордадағы ең жас театр осы кәсіпорында бой көтеді. 2020 жылы көпшілікке танымал, шығармашылық жастардың басын қосқан кәсіпорын, сол уақыттағы Астана қаласы әкімі А.Кульгиновтің қолдауымен және Т.Қабатов бастамасымен қазақ театр тарихындағы «алтын дәуірді» қалыптастырып, сахна саңлақтарының жұлдызын жаққан режиссер ӘЗІРБАЙЖАН МӘДИҰЛЫ МӘМБЕТОВТІҢ есімін алды. Халық қаһарманы есімінің театр ұжымына берілуін Қазақстан театр майталмандары, Ә.Мәмбетов шәкірттері ерекше ықыласпен қолдады.
Елорда тұрғындары мен қала қонақтарының сүйіктісіне айналған театрдың репертуарында әр түрлі жанрдағы көрермендердің жүрегіне ізгі жол салатын, адамгершілікке, ынтымаққа баулитын, адам жанын рухани байытатын, қызықты да әсерге толы 22 қойылым бар. Сонымен қатар, аталған спектакльдер «Abai.tv» мәдени-ағарту телеарнасынан көрсетілуде. Еліміздің комедия жанрындағы ең танымал актері, театр жетекшісі ретінде жас таланттарды белсенді қолдауда. Қазіргі таңда, театрымызда 80% жастар жұмыс жасайды.
Театрдың құрылғанына 5 жыл толса да қазіргі уақытта 3 ҚР Еңбек сіңірген қайраткер: Кабатов Турсынбек Амангалиевич, Есендосов Ербол Магзомович, Нартай Сауданбекұлы. 7 Мәдениет саласы үздігі бар: Имангазинов Баглан Садыкович; Жакилина Гульмира Тлебалдықызы -актер;
Шакиржанова Асель Сарсенбаевна-актер; Есендосов Ербол Магзомович - актер; Бибаев Бахытжан Токтасынович-дизайнер; Джандильдина Бахыт Каировна- әкімшілік-кадр жұмысы бөлімінің басшысы; Нурланов Руслан Нурланович- менеджер. 1 «Мәдениет қайраткері»: Шәкіржанова Айбол Жанқонысұлы-актер.