Получите консультацию!

Visit Astana

Сіздің ақылды ботыңыз

Visit Astana

Сәлем! Мен Астана қаласы бойынша сіздің көмекшіңіз және гидіңізмін.
Мен сізге қалай көмектесе аламын?

«Жастар» театры
«Жастар» театры
Ілияс Есенберлин көшесі, 10
«Жастар» театры — 2007 жылы құрылған Астанадағы жастар театры. Театр жаңашылдыққа ұмтылып, классикалық және заманауи қойылымдарды сахналайды, фестивальдер мен гастрольдік сапарларға белсенді қатысады. Көркемдік жетекшісі — Нұрқанат Жақыпбай. Мекенжайы: Ильяс Есенберлин көшесі, 10.
Тарихы

«Жастар» театры – өнердің жас әрі креативті орталықтарының бірі. Өзінің алуан түрлілігімен және жаңашылдығымен бұл театр қазақ театр өнерінде ерекше орнын айқындап, шығармашылық шекарасын кеңейтіп келеді. Бар-жоғы 16 жылдың ішінде театр халықаралық және республикалық байқауларда 16 Гран-при иеленіп, жас ұжымның мақсаткерлігі мен шығармашылық табандылығын дәлелдеді.

«Жастар» театры 2007 жылдың 5 шілдесінде елорда әкімдігінің қолдауымен құрылды. Өнер ордасы алғаш рет шымылдығын Шыңғыс Айтматов пен Әбіш Кекілбайдың «Шыңғыс хан» спектаклімен ашты (инсценировка авторы – Жаныш Құлмамбетов, қоюшы режиссер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбай).

Театр актерлерінің 99 пайызы – Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлектері, профессор, ҚР білім беру ісінің үздігі, режиссер Нұрқанат Жақыпбайдың шәкірттері. Жас театрдың негізін қалаған және сахна төріне алғаш шыққан ұжымның алдыңғы буыны – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Даурен Сергазин мен Адил Ахметов, ҚР Президенті стипендиясының иегерлері Жандаулет Батай мен Айнұр Рахипова, «Еңбек даңқы» төсбелгісінің иегері Азамат Эскулов, «Қазақстан патриоты» мерейтойлық белгісінің иегері Бақыт Хаджибаев, сондай-ақ «Құрмет» грамотасының иегерлері Мадина Май мен Махаббат Мадгулова.


Сайт: www.zhastar-theatre.kz
Instagram: @zhastar_teatry
Facebook: fb.com/zhastar teatry
TikTok: zhastar_teatry_official
VK: Жастар-театры

Жұмыс кестесі:

  • Дс–Жс (10:00–18:00)

Байланыс:
  • Қабылдау бөлмесі: 8 /7172/ 38-01-08
  • Касса: 8 /7172/ 39-26-48
  • БАҚ үшін: +7 775 278 23 05

Билеттерді мына жерден сатып алуға болады: https://ticketon.kz/astana/theatres

Баруды ұсынамыз

XCHO Астанада
25.09.2026 - 25.09.2026
Конгресс-центр, г. Астана, ул. Гейдара Алиева, 12
Қағаз раушан
27.09.2026 - 27.09.2026
Адрес не найден
Валерий Меладзе Астана қаласында
08.11.2026 - 08.11.2026
Адрес не найден
«Modern Perspectives for Biomedical Sciences: from Bench to Bedside» халықаралық конференциясы
08.11.2026 - 08.11.2026
Дима Билан Астанада
22.11.2026 - 22.11.2026
Барыс Арена, Астана