«Сарыарқа» Республикалық велотрегі

«Сарыарқа» Республикалық велотрегі

Мекенжай: Қабанбай Батыр даңғылы, 45A

Әлемдегі ең көрнекті спорт ғимараттарының бірі ретінде танылған «Сарыарқа» республикалық велотрегі 2011 жылы бой көтерген. Велосипедшінің дулығасына ұқсас бірегей архитектуралық форма өзіне ерекше назар аудартады.

Спорт кешенін «Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (РМҚК) басқарып, үздіксіз жұмыс жасауын қамтамасыз етеді.

Велотрек Астана қаласында Қабанбай батыр және Тұран даңғылдарының арасында орналасқан спорт кластерінің бөлігі болып табылады. Жалпы ауданы шамамен 45 мың шаршы метрді құрайды. Мінбелерге 9 195 көрермен сыяды. Кешенде велотректен басқа ауданы 4,2 мың шаршы метрді құрайтын мұз аренасы да бар.

«Сарыарқа» велотрегінің техникалық жабдықталуы мен конструкциясы өте ерекше, ең жоғары әлемдік стандарттарға сәйкес келеді. Орнатылған төрешілік, уақытты сақтау жүйелері, ақпараттық табло, фотофиниш камералары және автоматтандырылған мониторинг жүйесі жарыстарды өткізу кезінде қауіпсіздік пен тиімділігікке кепілдік береді. Ал құрылымның тірек конструкцияларының жай-күйіне мониторинг жүргізу келушілер мен персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Веложарыстарға арналған тректің ұзындығы - 250 метр, ені - 7 метр, бұрылыстардағы көлбеуі 42 градус, түзу учаскелерде 12,5 градус. Сағат тіліне қарсы қозғалыс бағытына байланысты велотрек әлем бойынша үздіктердің қатарына енді. Мұнда ірі халықаралық және республикалық жарыстар өткізіледі, спорттық рекордтар орнатылады, ал спортшылар өз дағдыларын жоғары деңгейде көрсетуге мүмкіндік алады.

«Сарыарқа» велотрегінде:

·        Трек

·        Мұз аренасы

·        Фитнес-орталық

·        Гимнастикалық залдар

·        Бокс залы

·        Тхэквондо және жекпе-жек залдары

·        Ойын залдары

·        Шағын футбол алаңдары

·        Қонақ үй кешені

·        Мейрамхана кешені

·        Конференц-залдар

Спорт кешенінде жыл бойы әуесқойлар арасында кең танымалдыққа ие спорт секциялары жұмыс істейді. Олар:

·        велоспорт

·        таэквондо

·        мәнерлеп сырғанау

·        каратэ

·        жүзу

·        хоккей

·        тепе-теңдік велосипеді

·        дзюдо

 

Сонымен қатар, кешеннің құрамына велосипед орталығы, оқу кешені, велосипед жөндеу шеберханасы және т.б. кіреді.

Бару ұсынылады