ҚР Тұңғыш Президентінің музейі

ҚР Тұңғыш Президентінің музейі

Мекен жайы: Бейбітшілік к-сі,11.

Нұр-Сұлтан қаласының аса көрікті ғимараттарының бірі болып санала­тын Елбасының бұрынғы резиденциясында 2005 жылы 4 шілде күні ҚР тұңғыш Президентінің Музейі өз жұмысын бастады. Бірегей жиһаз­дары мен бүтін бір кешенді кұрастыратын ішкі көрінісі сол қалпында сакталған. Музей экспозициясының алғашкы залы ұлан-байтақ қазақ жерінің картасы мен Қазақ елінің тұңғыш Президентінің Ант қабыл­дау салтанатынан басталған.

Музейдің ғылыми-аныктамалық, есептік жүйелеу және сақталу жүйесі әлемнің алдыңғы қатарлы үлкен музейлерімен парапар. Бүгін­де музей коллекциясы 62 мың бірлікті құрайды. Олар мұрағаттық – жазба, басылым материалдары, кино және суретті құжаттар, бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер туындылары, қару-жарақ, Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке заттары және құжаттары, мемлекет басшысы марапатталған сыйлардың бірегей коллекциясы.

Музей қорында мемлекет басшысына арнайы алыс-жақын шет мем­лекеттерден келген сыйлықтар мен заттық бұйымдар, шетелдер мен ТМД елдері басшыларынан алған Елбасының жоғары наградалар тобы және тағы басқа да заттар бар.

Сондай-ақ, музей төрінен Елбасының дүниежүзіндегі көптеген ел­дерде шыққан еңбектері мен атақты ғалымдардың да туындылары лайықты орын алған.

Одан соң Елбасының карапайым металлургтан қаһарман Мемле­кеттік Басшыға дейінгі аралықты суреттеп, өзіндік жолы, қыруар істер басындағы кемеңгерлік шешімдерді жүзеге асырудағы қажырлы еңбе­гін айқындайтын сәттерді көрсете алатын мұрағаттық материалдар­мен қатар, Днепродзержинск, Теміртау Қарағанды сияқты өндірісті қалалардағы үлкен еңбек жолына араласқан тарихи кезеңдерін баяндайтын құнды құ­жаттар жинақталған.

Музей орналасқан ғимаратта Президенттің 1-ші және 2-ші қабылдау бөлмелері мен жұмыс каби­неті де өзгеріссіз сақталып, экспозиция кұрамына енгізіліп, еңкейген кәрі мен еңбектеген сәбилерге шейін құрметпен қарауға үйрететін өнегелі сәттері бейнеленген.

Еліміздің бұғанасы ката қоймаған шақта Пре­зидентіміз көрегендікпен ел ордасын Нұр-Cұлтанға көшіруі тағылымы тереңнен толғанған тарихи окиға екені баршамызға белгілі. Аспан астын­да арайланған Нұр-Cұлтандағы Ақ Орданың көркеюі, әлем елдерінен келген қонақтарының таң-тамаша қалуы, ешбір калаға ұқсамайтын алып құрылы­стардың сәнді де сәулетті қаланың болашағына қосып отырған Елбасының ерекше қамқорлығы да шынайы суреттелген.

Ақпарат «Әдебиет» ҚБ «Астана» кітап-альбомынан алынды.

Бару ұсынылады