Оқушылар сарайы

Оқушылар сарайы

Бала толыққанды тұлға болып өсіп, кейін маман ретінде табысқа жетуі үшін не істеу керек? Оқушылар сарайының әкімшілігі ол үшін баланың жасырын қабілетін аша білу керек деп санайды. Сондықтан бұл мекеменің міндеті тек қана секциялар мен үйірмелер тізімін ұсыну емес, оқушының сабақтан тыс уақытын жүйелі түрде ұйымдастыру. Мұнда балалар тек қана тәжірибе жинап қана қоймай, болашақтағы табыстарына нақты қадам басуға талаптанады.

Мемлекеттік мекеме мектеп жасындағы балаларға қосымша білім беру түрлерін ұсынады. 100-ден астам білім беру секциялары 7 бағыта жұмыс істейді: Наукаград, Чемпиондар лигасы, Технопарк, Педагогикалық шеберхана, Шеберлер қаласы, Дипломатиялық корпус және болашақ қаласы.

Сарай инфрақұрылымының негізгі элементі 170 орындық планетарий, мұнда сондай-ақ, көп функциялы амфитеатр, жүзу бассейні, мұз айдыны, жаратылыстану ғылымдарын меңгеруге арналған зертхана және телестудия бар.

Мұндай Оқушылар сарайы Қазақстанда да, тіпті дүниежүзінде де жоқ.

Мұнда энергия қуатын сақтаудың ең жаңа технологиялары, сондай-ақ, энергияның альтернативті қайнар көздері қолданылады. Бұл ғажайып сәулет жобасы Ресейдің сәулет саласындағы «Хрустальный Дедал» ұлттық сыйлығының гран-Приіне ие болған.

Бару ұсынылады