«Нұр-Астана» мешіті

«Нұр-Астана» мешіті

Мекенжай: Қабанбай Батыр даңғылы, 36

Қазақстан Республикасы зайырлы мемлекет болғанмен, елімізде діни дәстүрлерге құрметпен қарайды. Көптеген адамдар әр түрлі конфессиялардың өкілдері.

«Нұр-Астана» мешітіне мұсылмандармен қатар, Қазақстандағы ислам мәдениетімен жақынырақ танысып, оның рухани атмосферасын сезінгісі келгендердің де баруына болады. «Нұр-Астана» - Қазақстан мұсылмандарының заманауи мәдени-діни символы және еліміздегі «Хазірет сұлтаннан» кейінгі үлкен мешіт.Сәулеттік жобасын ливан сәулетшісі Чарльз Хафиз жасады. Құрылыс 2002 – 2005 жылдары Катар мемлекетінің қаржылық қолдауымен жүргізілді. Мешіттің аумағы шамамен 4000 шаршы метр, төрт минареттің әрқайсысының биіктігі – 62 метр, бас күмбезі – 43 метр. Бас күмбез сегіз тұғырға орнатылған, оның әрқайсысына құран сүрелері жазылған. Мешітте бір уақытта 5000 ер адам, 2000 әйел мінәжат ете алады.

Бару ұсынылады