
- М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс театры
М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс театры
Астана қаласындағы М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының тарихы ХІХ ғасырдың соңынан басталады. «Акмолинские областные ведомости» газетінің 1899 жылы 20 маусымдағы бізге жеткен материалдарына сәйкес келесі дерек белгілі болған: Ақмола қаласының Думасы қоғамдық театр үшін «ғимарат сатып алуды Управаға тапсыру» туралы шешім қабылдады, бұл драма өнерін сүюшілердің өтінішінен туған еді. Бұл хабарлама Ақмола қаласындағы болашақ кәсіби драмалық театрдың тарихы бастау алған оқиға болды. 1899 жыл – бір қабатты ғимаратқа (қазіргі таңда XIX ғасырдың сәулет ескерткіші) орналасқан, қала тұрғындары арасында үлкен абыройға ие болған өз репертуары бар тұрақты труппаның құрылған жылы. Алғашқы болып Фёдоровтың бір көріністі «Вспышка у домашнего очага» водевилі, содан соң үш перделі «Скандал в благородном семействе» әзілі қойылды.
1912 жылы «Акмолинские областные ведомости» газетінде жаңа 1913 жыл қарсаңында қойылған «Иван Сусанин» спектаклінің үлкен қошеметке ие болғаны туралы ақпарат жарық көрді. 1913 жылы татар труппасы жұмыс жасай бастайды, спектакльдер екі тілде: араб және татар тілдерінде ойналды.
1919 жылдан бастап әртістер жаралы қызыл әскер сарбаздары үшін спектакльдер көрсетеді. Орыс труппасының режиссёрі ретінде Т. Сергеева тағайындалады. Театр репертуарында Л. Толстойдың «Власть тьмы» және А. Островскийдің «Лес» шығармалары бар.
1922 жылдың аяғында Сәкен Сейфуллин қазақ жастарының көмегімен өзінің «Бақыт жолында» пьесасын қояды, содан соң оның пьесалары бойынша тағы спектакльдер қойылады.
1920–1930 жылдары театр бірде Халық үйінде (қазіргі таңда ҚР ҰҚК Шекаралық қызметі ғимараты), бірде жабық Александр Невский соборында, бірде қыста жұмыс жасау мүмкіндігі болмағандықтан, Жазғы театрда жұмыс жасайды. 1939 жылы театрға осы күнгі ғимараты беріледі.
40-жылдары Ақмола театры ҚазКСР-дағы үздік шығармашылық ұжымдардың біріне айналды. 1942 жылдан 1943 жылға дейін Ақмолада эвакуацияланған Ворошиловград театры жұмыс жасайды, ол кеткен кезде актерлердің бір бөлігі қалада қалады. Театр труппасына әртіс әйелдер – АЛЖИР тұтқын әйелдері қосылады.
1943 жылы облыстық орыс драма театрында қазақ бөлімі жұмыс жасай бастайды. Труппаға көркемөнер ұжымдарынан шыққан жас актёрлер кірді. Осы кезеңнің алғашқы қойылымдары Ғ. Мұстафиннің пьесасы бойынша «Жарыс» спектаклі болды, содан кейін «Қозы-Көрпеш – Баян Сұлу», «Алдар Көсе» және т.б. қойылды. Соғыс және соғыстан кейінгі жылдардағы танымал болған спектакльдер: К. Симоновтың «Жди меня» және «Русские люди», А. Островскийдің «Свои люди – сочтемся», В. Ильенковтің «Площадь цветов», М. Горькийдің «Последние», А. Корнейчуктің «Платон Кречет», А. Островскийдің «Без вины виноватые», Ф. Шиллердің «Коварство и любовь» спектакльдері, орыс водевильдері.
Соғыстан кейінгі жылдары КСРО Министрлер Кеңесінің бұйрығымен театр жылжымалы Атбасар ауданаралық колхоз-совхоздық театрына айналады, оған облыстық театрдың барлық актерлері өтеді. 1955 жылға дейін театр жылына 6 ай спектакльдерді Ақмолада, ал қалған уақытта Ақмола облысының барлық аудандарында ойнады.
1957 жылы А. Островскийдің пьесасы бойынша қойылған «Пучина» спектаклі «Театральная весна» Бүкілодақтық байқауында аталды. Театр Тың игеру совхоздарына үлкен гастрольдермен жиі шығатын және бұл көп жылдарға дәстүрге айналған еді.
1959 жылдан бастап театрға Максим Горький аты беріледі.
60 жылдары теар өзінің шығармашылық шарықтау кезеңін бастан кешіреді. С. Мұқановтың пьесасы бойынша алғашқы рет орыс тілінде қойылған «Сәкен Сейфуллин» спектаклі Республикалық байқауда 1 дәрежелі Дипломмен марапатталды.
1970–1980 жылдары театр өз дамуында жоғары деңгейге жетеді. Спектакльдерде идеялылық пен көркемдік үйлесімділігін тапқан. Репертуарда кеңес және шетел драматургтері: Б. Горбатов, В. Розов, В. Собко, Б. Нушич, А. Абишев, У. Шекспир, М. Горький, Н. Анкилов, М. Рощин, А. Коломиец, Б. Васильев, Б. Брехттердің үздік пьесалары бар. Театрдағы бұл кезең бірқатар талантты режиссерлердің шығармашылық жұмысымен байланысты: ҚазКСР Еңбек сіңірген өнер қайраткері И. Сермягин, ҚазКСР Еңбек сіңірген қайраткері, А. Попов атындағы күміс медаль иегері Ж. Омаров, КСРО Халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, театр және кино режиссері Ә. Мәмбетов, В. Пинчук, Р. Маркин, В. Бородин, В. Трегубенко.
1991 жыл – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі жарияланған жылы театрда өзгерістер орын алып, өз қызметінде жаңа бағыттар іздей бастайды, қазақ халқының тарихына, ұлттық мәдениетке қызығушылық қайта жаңғырады.
Алдыңғы қатарға тарихи драма жанрындағы И. Оразбаевтың «Шыңғысхан» (1992 жыл), әйгілі Әзірбайжан Мәмбетовтің қойылымындағы М.Әуезовтің «Абай жолы» романы бойынша «Рано прозрел в поисках истины» (1995 жыл), М.Әуезовтің «Хан Кене» (1997 жыл), А.Пушкиннің «Борис Годунов» және Ф.Достоевскийдің «Бесы» шығармалары бойынша спектакльдер.
2000 жылдардың басынан бастап театр қызметінің басты бағыттарының бірі Қазақстан қалалары мен ТМД елдеріне гастрольдермен шығу және республикалық, халықаралық фестивальдерге қатысу бола бастады: Орыс тілі жылына арналған Дүниежүзілік конгресс аясындағы Халықаралық фестиваль (Гранада, Испания), У. Шекспирдің шығармашылығына арналған Международный театральный фестиваль «Мәңгі Шекспир» атты Халықаралық театр фестивалі (Пекин, Қытай), «Встречи в России» атты ТМД және Балтық елдеріндегі орыс театрларының Халықаралық фестивалі (Санкт-Петербург қ.), Международный театральный фестиваль «Мелиховская весна» Халықаралық театр фестивалі, Мелихово, Халықаралық фестивальдер: «Сахнадан Сәлем!», Астана; «Откровение», Алматы; «Радуга», Санкт-Петербург; «Белая Вежа», Брест; «Астана», Астана; «Театральная осень», Көкшетау; «Театр. Территория единения», Владимир, «SynergyWTF» (Сербия), «Артмиграция», және тағы басқалары. Театр сапарларының географиясы Белоруссия, Венгрия, Испания, Қытай, Қырғызстан, Македония, Ресей, Сербия мемлекеттерін құрайды. Бұл сапарлар театрға өзін беделді, психологиялық театр ретінде көрсетуге және Қазақстанның театр өнері атынан абыроймен шығуға мүмкіндік берді.
2012 жылы театрға «Академиялық» мәртебесі берілді.
2022 жылы театрдың көркемдік жетекшісі ҚР Еңбек сіңірген әртісі Бекпулат Парманов тағайындалды.
2019 жылы Н.Гогольдің «Женитьба» спектаклінің премьерасымен театрдың Кіші залы ашылды, мұнда басқа да жаңа спектакльдер жоғары деңгейде көрсетіліп келеді: М.МакДонахтың "Человек-Подушка", А.Островскийдің "Гроза", В.Шукшиннің "Светлые думы", Э.Э. Шмиттің "Путешествие в обратно", М.Бартеневтің "Снегурушка", Г. Гориннің "Кин IV", Д. Фо, Ф. Раме «Жизнь без…» спектакльдері.
Қойылым жұмыстары үшін режиссерлер, сценограф-суретшілер, композиторлар шақырылады, бұл театрдың көркемдік толысуына жағдай тудырады. Әр жылдары театрмен келесі режиссерлер жұмыс жасады: Йонас Вайткус, Агнюс Янкявичус (Литва), Егише Геворкян (Австрия) Нурлан Асанбеков (Қырғызстан), Барзу Абдураззаков (Тәжікстан), Леонид Чигин, Владимир Тыкке, Александр Каневский, Сергей Потапов, Юрий Квятковский, Туфан Имамутдинов, Рача Махатаев, Евгений Гельфонд, Иван Петров, Сергей Федотов, Михаил Филимонов (Ресей), Тимофей Ткачев (Белоруссия).
Қазіргі уақытта М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрын танытып жүргендер: көркемдік жетекші және бас режиссер – ҚР Еңбек сіңірген әртісі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, «Еңбек ардагері», РФ Президентінің Құрмет грамотасы иегері Бекпулат Парманов және бас суретші – «Мәдениет қайраткері» Канат Максутов. Театр труппасында: ҚР Еңбек сіңірген әртісі, «Еңбек ардагері», Ресейдің Достық ордені иегері Наталья Косенко; ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасының Халық әртісі, Ресейдің Достық ордені иегері Сергей Матвеев; «Мәдениет саласының үздігі», «Еңбек ардагері» Наталья Матвеева; ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Ерең еңбегі үшін» медалінің иегері Людмила Крючкова; «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, «Мәдениет саласының үздігі» Нина Дроботова; 2 дәрежелі «Достық» орденінің иегері Екатерина Максим; «Құрмет» орденінің иегері Светлана Фортуна; «Мәдениет қайраткері»: Маргарита Мухаметдиева; Александр Корженко, Болат Кирибаев; «Мәдениет саласының үздігі»: Зинаида Абаназиди, Оксана Бойко, Иван Анопченко, Игорь Седин, Мария Бандышева, Ульяна Штильман; Евгений Карачаров, Полина Харламова, Данил Хомко, Сергей Маштаков, Дмитрий Маштаков, Максим Ященко, Айжулдыз Багланова, Анастасия Понеделкова, Елизавета Букова, Вадим Халиков, Эльмира Фатыхова, Анна Пупкова, Илья Соболев, Алексей Попов, Саржан Саги, Майлыбаева Индира, Кожантаев Диас, Матасова Екатерина.