Көрнекі орындар

"Астана Бәйтерек" Монументі
Бәйтерек — металл, шыны және бетоннан жасалған Қазақстан астанасының заманауи нышаны. Биіктігі 105 метр болатын бұл монумент жай ғана сәулет объектісі емес, сонымен қатар Қазақстанның қарқынды дамуын бейнелейтін мемлекеттік эмблема болып табылады.
Әлем ағашы идеясымен шабыттанған мұнара тамаша бақылау алаңы қызметін атқарады. Астананың динамикалық және футуристік келбетін құс ұшар биіктіктен көру үшін, жарқыраған "Алтын Шарға" көтеріліңіз.
Әлем ағашы идеясымен шабыттанған мұнара тамаша бақылау алаңы қызметін атқарады. Астананың динамикалық және футуристік келбетін құс ұшар биіктіктен көру үшін, жарқыраған "Алтын Шарға" көтеріліңіз.

Республикалық бас мешіт
Астананың Орталық мешіті – Қазақстандағы имандылық пен бірліктің ұлы нышаны. 2022 жылы бой көтерген бұл мешіт елдегі ең ірі әрі Орталық Азиядағы ең әсем сәулет туындыларының бірі саналады. 130 метрлік мұнаралар, 62 метрлік күмбез және ақ мәрмәрмен көмкерілген әсем интерьері оны шынайы сәулеттік жауһарға айналдырады. Бұл – сенім мен сұлулықтың, дәстүр мен заманауилықтың тоғысқан орны, Астана қонақтарының міндетті түрде көруі тиіс нысаны.

Ақорда – ҚР Президентінің резиденциясы
Ақорда — Қазақстан Президентінің резиденциясы және мемлекеттік биліктің нышаны.
Бұл — елордадағы ең танымал ғимараттардың бірі. Ол Есіл өзенінің сол жағалауында, Астананың дәл жүрегінде орналасқан. Ақ мәрмәрмен қапталған қабырғалары, сәнді колонналары және алтын ұшарбас көгілдір күмбезі елдің жарқын болашаққа ұмтылысын бейнелейді.
Ішкі безендірілуі мәрмәрмен, хрусталмен және қазақтың ұлттық өрнектерімен көмкерілген. Дәл осы қабырғаларда мемлекет пен әлем үшін маңызды кездесулер, ресми рәсімдер мен келіссөздер өтеді, елдің стратегиялық бағыты айқындалады.
Ақорда — бұл жай ғана ғимарат емес, ол заманауи Қазақстанның сәулеттік бейнесі: қуатты, әлемге ашық және дамуға ұмтылған елдің символы.

Тәуелсіздік сарайы
Тәуелсіздік сарайы — Астананың ең танымал сәулет нысандарының бірі және Қазақстанның мемлекеттік қуатының символы. Мұнда съездер, конференциялар, көрмелер, концерттер және ресми рәсімдер секілді ірі ұлттық және халықаралық іс-шаралар өткізіледі.

Бейбітшілік пен келісім сарайы
Бейбітшілік пен келісім сарайы – елорданың басты көрікті орындарының бірі. Пирамида түрлі діндер мен этностардың, мәдениеттердің бірлігінің, қазақстандықтардың ашықтығы мен толеранттылығының символына айналды. «Бейбітшілік пен келісім сарайын» салу идеясы ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевқа тиесілі және ол 2003 жылғы 23–24 қыркүйекте өткен «Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезінде» ұсынылған. Құрылыс 2006 жылы аяқталып, концерт залын Монсеррат Кабалье ашқан.

«Бейбітшілік қабырғасы» монументі
Бұл ескерткіш – Ақтөбе облысының елордаға 20 жыл толуына орай сыйлығы. Мемориалда «Бейбітшілік» сөзі 51 тілде жазылған.

«Жастар» сарайы
«Жастар» сарайы – Астананың жастар энергиясының орталығы, мұнда шығармашылық, спорт пен өнер бір кеңістікте тоғысып, жаңа идеялар мен жарқын оқиғаларға шабыт береді.