«Қазақстан» орталық концерттік залы

«Қазақстан» орталық концерттік залы

Бағасы: ~5000 тг-ден бастап тг.
Мекенжай: Мәңгілік ел даңғылы 10/1

Астананың жаңа әкімшілік орталығында сәулеткерлік және акустикалық сипаттамалары бойынша бірегей Қазақстан орталық концерт залы орналасқан, ол үш жарым мың орынға есептелген. Көлемінің көркемдігі мен заманауи құрылыс тәсілдерінің арқасында Қазақстан орталық концерт залы Президент резиденциясы ғимаратымен, Сенат және Мәжіліс ғимараттарымен тамаша үйлесім табады.

Ауданы үш мың бес жүз он екі шарты метрді құрайтын концерт залды сыйымдылығы жағынан әлемдегі симфониялық және камералық музыка концерттерін, опера және балет қойылымдарын, кино-көрсетілімдерін және саяси шараларды өткізуге арналған әлемдегі ең үлкен залдардың бірі болып табылады.

Идея авторы Манфреди Николетти. Бұл дүние жүзіндегі авангардты жобалаушылардың бірі ғана емес, құрылыстың табиғи ұстанымдарымен әлемге танылған ең көп сұранысқа ие заманауи сәулетші болып табылады. Николетти әзірлеген Қазақстан орталық концерт залын бүгінде Сиднейдегі австралиялық опера театрының даңқын беріп отыр.

Бүгінгі таңда ТМД ешбір мемлекетінде осындай бірегей жоба жоқ және ол Қазақстан Республикасының ең маңызды сәулеткерлік құрылымдарының бірі болып табылатыны сөзсіз. Жалпы ауданы отыз сегіз мың алты жүз шаршы метр болатын нысанға барлығы 28 миллиард теңге (187 миллион доллар) жұмсалған. Мұнда пъяцца-фойе (ауданы 2.970 ш м) алатын орны ерекше, ол *үш панорамалық лифт (әр қайсысының жүк көтергіштігі – 630 кг) * Киім ілгіш (4500 орын) * Эксклюзивті тауар түрлерін ұсынатын бутиктер (8 бутик) *200 және 400 орындық ең соңғы техникалық үлгіде жабдықталған 2 конференц-зал * Қоғамдық тамақтану орындары: мейрамхана (80 орын), дәмхана (200 орын) , шеңберлі бар (35 орын) және домбыра астындағы бар (50 орын) орналасқан.

Зал қазақ ұлттық аспабы түрінде жасалған. Бұл жай ғана зал емес, пъяцца-фойе орналасқан және сыртқы ортадан желкен тәрізді арнайы құрылғылар көмегімен оқшауланған тұтас атриум. Осының нәтижесінде атриум қабықшаның ішінде орналасқандай әсерде болады және қаланың шулы өмірі сыртта қалады. Атриум сыртынан және ішінен арнайы ағашпен әрленген, ол акустикаға өз қызметін кедергісіз орындауға мүмкіндік береді. Концерт залының еденінің өзі тозуға тұрақты материалдан жасалып, акустикалық көлбеулікпен орналастырылған. Мұнда барлық ең жаңа технологиялар жинақталған, жай тұрған бірде-бір материал немесе жапсар жоқ.

Көп қызметті сахнаға да баса назар аудару керек (сахна ауданы 274 ш м), оны бір адам қашықтықтан басқару пультінің көмегімен басқарады. Сахнаның алдыңғы бөлігінде оркестр шұңқыры орналасқан, оны көтеру және түсіру ұзақтығы 4 минутты құрайды. Оркестр шұңқырының тереңдігі 4,5 м құрайды және мұнда оркестрге арналған арнайы шығыс жолдары бар. Сахнаның артқы бөлігі тікелей хорға арналған және 7 хор қабаты бар, олар да қашықтықтан басқару тетігі көмегімен басқарылады және толық көтерілгенде биіктігі 2 метрге жетеді. Сонымен қатар, мұнда әр түрлі кино-көрсетілімдерін, бейне-тұсаукесерлер өткізуге болады, себебі залға кең форматты экран орнатылған, оның өлшемдері 14х8 м және ол кез келген форматтағы, оның ішінде озық Blue Ray форматтағы бейнені (DVD форматының ерекше сапасымен айрықшаланатын түрі) ойната алады.

Он бас америкалық тұғырда орналасқан люкс санатындағы жарық құрылғылары ең батыл жарық идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сахнаның үстіндегі орталық нүктеде америкалық Ренкус Хайнс фирмасының дыбыстық кластері орналасқан, оның жалпы қуаты 25 киловатт. Ренкус Хайнс дыбыстық құрылғылар саласындағы дүние жүзіндегі көшбасшылардың бірі болып табылады және қазіргі таңда біздің республикамызда осы таңбалы құрылғы тек Қазақстан орталық концерт залында ғана орнатылған. Сонымен қатар, зал периметрі бойымен 12 алдыңғы колонкалар орналасқан.

Акустикалық жүйенің мақтанышы 22 таратқыш – жапырақша болып табылады, олар арнайы италиялық технология бойынша дайындалған және концерттің акустикалық дыбысын жетілдіреді, қабырғалардың перделерінің өзі де дыбысты қабылдау және қайтару акустикалық әсері бар материалдан дайындалған. Перделер компьютер арқылы басқарылады, ол үшін арналған бағдарлама бар.

Залдағы креслолардың төменгі бөліктерінде арнайы акустикалық кіріктірмелер орналасқан. Атриумның ең тиімді ерекшелігі – визуалды кішіреюі болып табылады. Бұл төбеге ілінген арнайы перделер көмегімен мүмкін болады, ол бірнеше сектордан кейін үшінші балкон деңгейіне жетеді.

Осылайша, 3500 адамға есептелген зал 2500 адамдық залға оңай айналады. Аталмыш нысанның құрылысы елбасының бастамасы бойынша қолға алынғанын айта кету керек және мәдениеттің дамуына база назар аударатыны үшін Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа алғыс білдіру керек, осының нәтижесінде біздің елімізде Қазақстан орталық концерт залы секілді ерекше нысандар пайда болған.

Бару ұсынылады