Получите консультацию!

Visit Astana

Сіздің ақылды ботыңыз

Visit Astana

Сәлем! Мен Астана қаласы бойынша сіздің көмекшіңіз және гидіңізмін.
Мен сізге қалай көмектесе аламын?

Берік Әлібай үй-мұражайы
Берік Әлібай үй-мұражайы
Кордай көшесі, 54
Берік Әлібай үй-муражайы — зергер-шебер Берік Әлібаевтың коллекциясы сақталған музей. Мұнда оның зергерлік бұйымдары, реставрациялық жұмыстар және қазақ мәдени мұрасы мен өнер дәстүрін көрсететін ұлттық заттар (қару-жарақ, киім, ыдыс-аяқ, монеталар және т.б.) қойылған.
Тарихы

Берік Әлібай үй-мұражайы — танымал қазақстандық зергер, реставратор және педагогтың өмірі мен шығармашылығына арналған ерекше мәдени кеңістік. Мұнда шебердің авторлық бұйымдары, ұлттық тұрмыстық заттар мен тарихи экспонаттар қойылған, олар қазақтың қолданбалы өнерінің бастауларын сезінуге мүмкіндік береді.

Берік Сатинбекұлы Әлібай — дәстүр мен заманауи көзқарастың тоғысқан шебері: оның зергерлік бұйымдары, бас киімдері, қару-жарақтары, ауыздықтары қазақ мотивтерін, метал өңдеу шеберлігін және көркем талғамды біріктірген.

Мұражай экспозициясында зергерлік бұйымдардан бөлек ұлттық-тарихи заттар да жинақталған: киім-кешек, ыдыс-аяқ, монеталар, суреттер, қару-жарақ және басқа да қазақ мәдениетінің рухын бейнелейтін жәдігерлер. Келушілер заттардың техникасы, материалдары мен символикасымен танысып қана қоймай, шеберден бұйым сатып алу немесе тапсырыс беру мүмкіндігіне ие болады.



Instagram: @jeweller_berik_alibai


Жұмыс уақыты:
Дс–Сб (10:00–18:00)
Жм – демалыс


Байланыстар:
+7 (701) 733-32-80

Баруды ұсынамыз

Кухня WE мейрамханасындағы ашық микрофон
27.11.2026 - 27.11.2026
BRAHMS Ontology
05.12.2026 - 05.12.2026
Органный концертный зал КазНУИ, Жеңіс 33
Шам жарығындағы Рождестволық концерт
09.12.2026 - 09.12.2026
Дворец Жастар, пр. Республики, 34
«Қаныш Сәтбаев» спектаклі Астанада
12.12.2026 - 12.12.2026
Государственный театр драмы и комедии имени Азербайжана Мамбетова, проспект Мангилик Ел, B 2.3