Demalys Promenade жаяу жүргіншілер аймағы

Demalys Promenade жаяу жүргіншілер аймағы

Мекенжай: Ә.Мамбетов к.
"Demalys Promenade" жаяу жүргіншілер көшесі - Әзірбайжан Мәмбетов көшесінің Кенесары көшесі мен Абай көшесінің арасында орналасқан бөлігі.

Мұнда П.г. Моисеевтің үйі, "Абай кітапханасы", сондай-ақ елдің өркендеуіне үлес қосқан аға буын адамдар тұратын үйлер бар. Қаланың осы бөлігінде жаяу жүргіншілер кеңістігін орналастырудың негізгі мақсаты-Астананың тарихи бөлігін жаңарту.

Ортағасырлық стильдегі аркалар, брусчаткалар, киіз үй тәрізді айшықты шатырлар, жарқын орындықтар мен қоқыс жәшіктері - осының барлығы елорда тұрғындары мен қонақтарына көңіл-күй сыйлайды. Жазғы демалыс күндері "Demalys Promenade" кеңістігінде концерттерден бастап қолөнер шеберлерінің жәрмеңкелеріне дейін көптеген іс-шаралар өткізіледі.
Бару ұсынылады