Получите консультацию!

Visit Astana

Сіздің ақылды ботыңыз

Visit Astana

Сәлем! Мен Астана қаласы бойынша сіздің көмекшіңіз және гидіңізмін.
Мен сізге қалай көмектесе аламын?

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі
Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі
Тәуелсіздік даңғылы, 54
Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі – еліміздің ең ірі және заманауи мәдени мекемелерінің бірі. Мұражай Тәуелсіз Қазақстанның тарихын, мәдениетін және рухани мұрасын жан-жақты таныстырады. Көрмелер залдарында ежелгі және орта ғасырлар кезеңіне тән археологиялық олжалар, этнографиялық экспонаттар, өнер туындылары, сондай-ақ Тәуелсіздік дәуірінің құжаттары мен жәдігерлері ұсынылған. Ұлттық музей – бұл тарих пен заманауи технологияның тоғысқан орны, отансүйгіштік пен ұлттық бірегейлікті нығайтатын білім беру орталығы.
Тарихы

Қазақстанның Ұлттық музейі 2014 жылғы шілде айында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен өз есігін айқара ашты. Бүгінде оның қорында елдің тарихы, мәдениеті мен өнері туралы сыр шертетін 175 мыңнан астам жәдігер сақталған. Музей Тәуелсіздік алаңындағы сәулеттік ансамбльді толықтырып тұр — мұнда «Қазақ елі» монументі, Бейбітшілік және келісім сарайы, Ұлттық өнер университеті және «Хазрет Сұлтан» мешіті орналасқан.

Ежелгі және ортағасырлық тарих залдарында еңбек құралдары, керамика, қола және темір дәуірлерінің археологиялық табыстары, сондай-ақ ортағасырлық Қазақстанның артефактылары қойылған. Алтын залы ежелгі көшпелілердің бірегей мұраларын, соның ішінде Есік қорғанынан табылған «Алтын адамды» көрсетеді. Этнография залы ұлттық киімдермен, әшекейлермен, киіз үймен және қазақ халқының тұрмыс заттарымен таныстырады.

Тәуелсіз Қазақстан мен Астана залдары ерекше қызығушылық тудырады: мұнда фотосуреттер, макеттер, мұрағаттық құжаттар мен мультимедиялық панельдер арқылы ел мен жас астананың қалыптасу тарихы ашылады. Астананың бас макеті мен медиа-қабырғасы әсерлі интерактивті шоу жасайды, ал үш тілде сөйлейтін мультимедиялық гид барлық залдарды еркін аралауға мүмкіндік береді.


Ұлттық музей – бұл тек жәдігерлер жиынтығы ғана емес, сондай-ақ Қазақстан тарихын танып, халқымыздың рухын сезінгісі келетіндер үшін мәдениет, ғылым және шабыт орталығы.


Instagram: nationalmuseumkz
Facebook: https://www.facebook.com/www.qrum.kz
YouTube: @ulttyqmuzei
Веб-сайт: https://nmrk.kz/

Жұмыс уақыты:
Сс-Жс (10:00–18:00)
Дс – демалыс күні

Байланыстар:

+7 (7172) 91‒90‒35 
+7 (7172) 91‒90‒36


Баруды ұсынамыз

Roza Zergerli Астанада
03.09.2026 - 03.09.2026
Адрес не найден
Enrique Iglesias Астанада
03.09.2026 - 03.09.2026
Адрес не найден
Кажгалиев және Чайковский. Там, где встречается вечность
05.09.2026 - 05.09.2026
SPACE DAYS KAZAKHSTAN 2026
07.09.2026 - 09.09.2026
Назарбаев Университет
Zoloto Астанада
11.09.2026 - 11.09.2026
Адрес не найден
Сергей Лазарев Астанада
14.09.2026 - 14.09.2026
Конгресс-центр, г. Астана, ул. Гейдара Алиева, 12
David Garrett Астанада
15.09.2026 - 15.09.2026
Адрес не найден
Мари Краймбрери в Астане
17.09.2026 - 17.09.2026
Конгресс-центр, г. Астана, ул. Гейдара Алиева, 12