- Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы
Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы
Жалпы ауданы 15000 шаршы метр болатын кітапхана ғимараты өзінің сәулетімен, заманауи техникалық мүмкіндіктерімен де таң қалдырудан жалықпақ емес. Себебі, кітапхана Есіл өзенінің сол жағалауында, Елорданың басты монументі Бәйтеректің маңында жасыл желекті бульварда орналасқан. Бүгінде 930 орынды 32 зал жұмыс істейді (электронды ресурстар, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін, өнер әдебиеті, шетел әдебиеті және т.б.залдар).
Келушілер мен оқырмандардың ерекше қызығушылықтары Кітап мұражайында. Өйткені оқырманның назарын бірегей сирек басылымдар мен қазақ жазба, баспа тарихы осында ұсынылған.
2007 жылдан бастап ҚР ҰАК базасында Қазақстандық Ұлттық электрондық кітапханасы ҚазҰЭК құрылған - https://kazneb.kz
Жұмыс уақыты: 09.00-20.00, демалыссыз (әр айдың соңғы жұмасы – тазылық күні)