Цирк балалар үшін бақыттылықтың белгісіндей. Бұл – сиқыр мен ғажайыптар, өте күшті, әрі батыл адамдар және ерекше ақылды хайуанаттар мекендейтін жер. Астаналық цирктің іші ғана емес, сырты да ерекше тартымды. Өйткені, ол - шқыш табақ тұрпатында салынып, балаларға арналған көркем шығармалар кейіпкерлерінің мүсіндері қойылған паркпен қоршалған ерекше ғимарат. Цирктің табалдырығын аттай сала сіз сиқырлы әлемге енгендей болып, бала сияқты бір керемет күткендей деміңізді ішіңізге тартып, тына қаласыз.

Цирк ғимараты сахнадағы алаңдарды оңай ауыстыруға болатындай етіп салынған: классикалық арена, мұз айдын, күмбез астында қалықтау, манеж, трапеция, т,б. Аренаның диаметрі 13 метр, зал 2000 адамға арналған.

300 адамнан асатын рруппа цирк өнерінің барлық жанрында өнер көрсетеді: акробатика, гимнастика, иллюзия, жабайы хайуанаттарды, ірі және ұсақ жануарларды қолға үйрету, клоунада, т.б. Цирктің алдындағы аллеяда ертегі кейіпкерлері мүсіндерінің тұтас ансамблі орналасқан. Оның тура ортасына жалғыз дөңгелекті велосипед мінген алтын клоун қойылған.
Бару ұсынылады