Сайт қол жетімді емес

Күшті жүктемеге байланысты сайт бірнеше минуттан кейін қайта жұмыс істейді.

Сайт недоступен

Ввиду сильной загруженности сайт возобновит работу через несколько минут

The site is unavailable

Due to heavy load, the website will resume operation in a few minutes.

Қалада

Астана – бұл болашақ дәстүрмен тоғысатын қала. Мұнда әркімге шабыт сыйлап, жаңа әсерлер ұсынатын нәрсе табылады.

Көрнекті орындар

«Бәйтерек» монументі

«Бәйтерек» монументі – Астананың символы әрі жарқын болашаққа деген арманның бейнесі. Оның сәулеттік образы ежелгі «әлем ағашы» мен Самұрық құсы туралы аңызға негізделген. Биіктігі 97 метр, бұл астана көшірілген жылды білдіреді. Жоғарғы деңгейінде алтын шар орналасқан, онда қаланың әсем көрінісі ашылады. Мұнда келушілер тарих пен қазіргі заманның үйлесімін, ұлылық пен болашаққа деген сенімді сезінеді. «Бәйтерек» – сәулеттік туынды ғана емес, Қазақстанның рухани символы, ол дәстүр мен заманауилықты, халықтың мақтанышы мен биік арманын біріктіреді.

"Ailand" Океанариумы

Ailand океанариумы – Еуразия құрлығындағы теңізден ең алыс орналасқан ерекше суасты әлемі. Мұнда мыңдаған теңіз балықтары мен экзотикалық жаратылыстар өмір сүреді. Келушілерді шытырман саяхат күтіп тұр: акулалармен әйнек тоннель, түрлі тропикалық балықтар және теңіз сұлулығының ғажайып көріністері.

Ақорда

Егемен Қазақстанның жаңа астанасының төрінде көркемдік мәні мен ауқымы жағынан ерекше сәулеттік ансамбль бой көтерді. Оның басты бөлігі – Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясы – «Ақорда».

Резиденция қаланың сәулеттік ансамблінің композициялық орталығы болып табылады. Астананың сәулеттік кешенінің басты осінің негізгі нүктелері ретінде «Хан Шатыр» – «Бәйтерек» – «Ақорда» – «Бейбітшілік пен келісім сарайы» – «Қазақ елі» ескерткіші орналасқан. Бұл сәулеттік ансамбльдің композициялық осі Ұлы Даланың дәстүрлерінің сабақтастығын сақтау, еуразиялық төзімділік мәдениетін ілгерілету және заманауи әлемдік өркениеттің бөлігі ретінде қуатты Қазақстанды құру идеяларын бейнелейді.