University Medical Center корпоративтік қоры

University Medical Center корпоративтік қоры

Мекенжай: Нұр-Сұлтан қ., Керей Жәнібек хандар к-сі 5/1
UMC-бұл биомедициналық жаңалықтар, білім беру мен практикалық дайындық саласындағы озық технологиялар пациенттерді емдеудегі инновацияларға (болжау, алдын алу, диагностика және терапия), денсаулыққа қатысты нәтижелерді жақсартуға және жергілікті қоғамдастық пен ел үшін экономикалық өсу тетігін құруға ықпал ететін денсаулық сақтау жүйесінің кешенді, толық интеграцияланған моделін қамтамасыз ету үшін құрылған Назарбаев Университетінің академиялық медициналық орталығы.

Миссиясы:

Ашулар, инновациялық білім беру бағдарламалары және жоғары білікті мамандар мен денсаулық сақтау көшбасшыларының жаңа буынын практикалық даярлау арқылы пациенттер мен отбасыларға бағытталған жоғары сапалы, үнемді және жеке қызметтерді ұсыну.

Пайымдауы:

Білім берудегі, практикалық дайындық пен зерттеулердегі артықшылық пен инновациялар біздің халқымыздың денсаулығы мен әл-ауқатын барынша жақсарту мақсатында профилактиканы, болжауды, диагностика мен емдеуді жақсартуға ықпал ететін ортада қазіргі заманғы, құндылықтарға бағдарланған және нақты деректерге негізделген бастапқы, қайталама және үшінші көрсетілетін қызметтердің толық спектрін ұсынатын ҚТ-дағы ең ірі академиялық медициналық орталық болуға тиіс.