Астанадағы қоғамдық көлік
Қалада барлық аудандарды, әуежай мен теміржол вокзалдарын байланыстыратын 100-ден астам автобус бағыты жұмыс істейді.
- Төлем ыңғайлы: Astra Plat көлік картасымен немесе байланыссыз төлемі бар банк картасымен.
- Өзекті кестелер мен бағыттарды Transcard қосымшасынан, сондай-ақ Яндекс.Go мен 2ГИС-тен тексеруге болады.
- Бағыттарды ыңғайлы қарау үшін Avtobys мобильді қосымшасы бар.
Такси және каршеринг
- Ресми таксиді Әуежайдағы Taxi Point арқылы шақыруға болады.
- Танымал қызметтер: Yandex Go, inDriver. Орталыққа сапар әдетте 20–30 минут алады.
- Сондай-ақ автокөлікті мына жерлерден жалға алуға болады: AVIS, Cash Auto Rent, ExtraCar.kz
Велосипедтер және электросамокаттар
Қысқа сапарлар немесе жағалауда серуендеу үшін ыңғайлы:
- Astana Bike қалалық велосипедін алу.
- Yandex, Jet немесе Whoosh арқылы электросамокат жалға алу (жалдау қосымша арқылы рәсімделеді, прокат станциялары қала орталығының барлық жерінде орналасқан).
Tarlan Astana жеңіл рельсті көлігі
Астанада әуежайды, вокзалдарды және орталық аудандарды байланыстыратын жеңіл рельсті көлік жүйесі салынып жатыр. Іске қосылғаннан кейін сіз қала бойынша кептеліссіз жылдам әрі ыңғайлы жүре аласыз — туристер мен тұрғындар үшін тамаша нұсқа!
Жол картасын әр станциядан сатып алуға болады.