Шетелдіктердің Қазақстан Республикасына келу және болу тәртібі

Бүгін жарияланған Қазақстанға келушілердің елге келуі және болуы ережелеріне енгізілген өзгерістерге сәйкес визасыз жүрген шетелдіктер біздің елде 30 күн бола алады.

Бірақ 180 күн ішінде (алты ай ішінде) олардың жалпы болу мерзімі 90 күннен аспауы керек. Қазақстанға келген ЕАЭО азаматтарының елімізде болу мерзімі 180 күн ішінде 90 күннен аспайды.

Қағиданың бұрынғы редакциясында бұл мәселе реттелмеген, сол себепті олар болу мерзімі аяқталғаннан кейін Қазақстаннан тыс жерлерге барып, қайтып келеді де, сол арқылы «болу мерзімін жаңартып» алатын еді.

Елде болуды шектейтін бұл ережелер уақытша тұруға немесе виза алуға рұқсат алған шетелдіктер үшін қолданылмайды.

Қағидалар «Халықтың көші - қоны туралы» Заңның қолданыстағы 6-бабына сәйкес келтірілген – соған сәйкес елге виза алуды талап етпейтін тәртіппен келген көшіп келушінің Қазақстанда уақытша болу мерзімі мемлекеттік шекараны кесіп өткен күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс, әрбір күнтізбелік бір жүз сексен күн ішіндегі кезеңде күнтізбелік тоқсан күн.

Айта кету керек, халықаралық тәжірибеде осындай талаптар қолданылады. Атап айтқанда, Қазақстан азаматтары Грузия аумағында 180 күн ішінде 90 күннен артық бола алмайды. Дәл осындай ережелер Беларусь, Ресей және Украинадағы Қазақстан азаматтары үшін де қолданылады.

«Құқықтық актілер туралы» Заңға сәйкес, нормативтік құқықтық актінің күші ол қолданысқа енгізілгенге дейін туындаған қатынастарға қолданылмайды. Осылайша, ережелерге енгізілген өзгерістер 2023 жылдың 27 қаңтарынан бастап біздің елге келген шетелдіктерге қатысты қолданылады.

Қазақстанға кірген кезде белгіленген және рұқсат етілген болу мерзімінен асып кету фактісі анықталған жағдайда Шекара қызметі «Халықтың көші-қоны туралы» Заңның 48-бабына сәйкес елге кіруді шектейді.


Сілтеме: https://www.gov.kz/