Пошта қызметтері

Егер сіз хат-хабарларды жеткізумен айналысуыңыз керек болса немесе сәлемдемені жіберу керек болса, онда төмендегі ақпарат сізге көмектеседі.
Қазақстандағы ұлттық пошта желісінің операторы "Қазпошта"АҚ болып табылады. Қазпоштамен көрсетілетін негізгі қызметтердің ішінде — жазбаша хат-хабарларды, қарапайым жөнелтімдерді (бандерольдер мен сәлемдемелерді) жеткізу, EMS-Kazpost жөнелтімдерін жедел жеткізу, ақша аударымдарын жүзеге асыру, төлем карточкаларын шығару және қызмет көрсету. Сондай-ақ пошта бөлімшелері коммуналдық төлемдерді қабылдау мен есепке алуды, зейнетақылар мен жәрдемақыларды жеткізуді, баспа басылымдарын таратуды жүзеге асырады.

Сайт: kazpost.kz

Пошталық және курьерлік қызметтерді Қазпоштадан басқа жеке компаниялар да жүзеге асырады.

DHL

DHL әлемнің 220-дан астам елінде және аумағында ұсынылған және әлемдегі ең Халықаралық компания болып табылады.

Сайт: dhl.kz

PonyExpress

Бүгінгі таңда PONY EXPRESS-экспресс – жеткізу нарығындағы жетекші ұлттық оператор, Мәскеуде, Ресей қалаларында және ТМД елдерінде дамыған өндірістік инфрақұрылымы бар ірі 3PL операторы.

Сайт: ponyexpress.kz