- V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық шеңберінде орналастыру және сервис объектілеріне сертификаттарды салтанатты түрде тапсыру.
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық шеңберінде орналастыру және сервис объектілеріне сертификаттарды салтанатты түрде тапсыру.
8-13 қыркүйек аралығында өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында қала әкімдігінде орналастыру және сервис объектілеріне сертификаттар табыстаудың салтанатты рәсімі өтті. Қонақ үйлер, мейрамханалар мен ұлттық кәдесыйларды ұсынатын кәсіпорындар ойынға қатысушылар мен қонақтарды қабылдауға дайын екендіктерін растайтын құрметті сертификаттарға ие болды.
Биылғы жылы қаланың қонақ үйлері халықаралық спортшылар мен әртістерді қабылдап, ал қазақстандық кәдесый компаниялары ойын ұйымдастырушыларымен бірлесе отырып, елдің мәдени мұрасын көрсететін өнімдерді ұсынады. Қатаң іріктеуден өткен қоғамдық тамақтандыру объектілері ойындардың негізгі алаңдарында жанкүйерлер мен қатысушыларды сапалы тамақтандыруды қамтамасыз ететін болады: Астана Арена, «Алау» мұз сарайы, Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы және «Қазанат» ипподром этноауылы.
Салтанатты қала мәслихатының төрағасы Каналимов Ермекұлы ашты. Өз сөзінде ол осы ауқымды халықаралық оқиғаны сәтті өткізудің кепілі болатын жоғары деңгейдегі дайындық пен сервистің маңыздылығын атап өтті.
Сертификаттарды тапсыру салтаннатты өткізді:
– V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу дирекциясының басшысы Нұров Наиль Фаридович;
– Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Акимжанов Халел Рахимович.
Сертификаттарды 52 қоғамдық тамақтандыру компаниясы, Қазақстанның кәдесыйларын ұсынатын 20 компания және жарысқа қатысушылар орналасқан 22 қонақ үй алды. Бұл кәсіпкерлердің әрқайсысы мұқият конкурстық іріктеуден өтуі ойындарға дайындықтың жоғары деңгейін көрсетеді.