Астанада «Visit Astana» және «Сапа белгісі» бағдарламаларына қатысушыларға сертификаттар табысталды

internal-image

2024 жылғы 4 желтоқсанда «Visit Astana» және «Сапа белгісі» Серіктестік бағдарламасының қатысушыларына сертификаттар табыстау салтанаты өтті.

Сертификаттарды бағдарламаның 54 жаңа серіктесі алды, олардың ішінде:
• 41 қоғамдық тамақтандыру объектілер,
• 12 қонақ үй,
• 1 туроператор.
Бүгінгі таңда «Visit Astana» бағдарламасына қатысушылардың жалпы саны 114 серіктеске жетті, бұл туристік бизнестің жоғары сапа стандарттарын дамытуға және енгізуге деген қызығушылығының артып келе жатқанын көрсетеді.
Іс-шарада «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Сәдуақасов және Астана қаласы Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Жаңабаев құттықтау сөз сөйледі. Олар өз сөздерінде елорданың заманауи туристік орталық ретіндегі имиджін нығайту үшін бағдарламаның маңыздылығын атап өтіп, саланың дамуына қосқан үлесі үшін барлық қатысушыларға алғыстарын білдірді.
«Астана даму орталығы» ЖШС іске асыратын «Visit Astana» Серіктестік бағдарламасы елордадағы туристік қызметтердің сапасын жақсартуға бағытталған бірегей бастама болып табылады. Ол туристік саланың негізгі салаларын қамтиды: қонақ үй және мейрамхана бизнесі, туроператорлардың қызметі және туристік тартымдылық объектілері. Бағдарламаның мақсаты - Астананы халықаралық қонақтарды қабылдауға дайындау және оның жетекші туристік бағыт ретіндегі мәртебесін нығайту.
«Visit Astana» бағдарламасы үздік әлемдік тәжірибелерге негізделген:
• Қытайдағы «Инфрақұрылым 5А»бағдарламасы,
• Испаниядағы туризм сапасының белгісі,
• Швейцариядағы стандарттау жүйесі және т. б.
«Visit Astana» серіктестік бағдарламасын «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ бүкіл республика бойынша іске асыратын «Сапа белгісі» бағдарламасымен тану маңызды кезең болды. Бұл ынтымақтастық екі бастаманың стандарттарының жоғары деңгейін және олардың Қазақстанның туристік инфрақұрылымын жетілдіруге деген ұмтылысын растайды.
Бағдарлама жаңа қатысушыларды тарта отырып және елорданың туристік тартымдылығының одан әрі өсуіне ықпал ете отырып, дамуын жалғастыруда.
«Астана даму орталығы» ЖШС барлық серіктестерге туристік қызметтердің сапасын арттыруға қосқан үлесі үшін алғысын білдіріп, олардың бағдарламаны іске асыруға қатысуының маңыздылығын атап өтті.
Сертификаттармен расталған мәртебе қызмет көрсетудің жоғары стандарттары мен сапасына кепілдік береді, бұл нысандарды туристер үшін де, елорда тұрғындары үшін де ұсынылады.