ForteBank «Visit Astana»-мен бірлесіп, Астана күніне орай өз клиенттеріне сыйлық жасады

internal-image

Банктің төлем карталарына Астана көрінісімен сандық дизайндар жасалды.  

«ForteBank» акционерлік қоғамы «Visit Astana»-мен бірлесіп, елорданың көрнекі орындарының иллюстрациясымен сандық дизайндар әзірледі. Сандық дизайн Apple Pay, Samsung Pay, Google Pay сервистерінің көмегімен төлем жасағанда электрондық әмияндағы төлем картасының суретін өзгертуге мүмкіндік береді.  

Жоба авторлары туристік көрнекі орындарды және заманауи технологияларды біріктіріп, жас қазақстандық астананың шынайылығына назар аударғылары келді: дизайнерлер Астананың «Байтерек» монументі, Республикалық бас мешіті, «Хан-Шатыр» сауда - ойын-сауық орталығы, Бейбітшілік пен келісім сарайы және Экспо-дағы «Нұр-Әлем» болашақ энергиясы мұражайы секілді танымал символдарының «суреттерін салды».

«ForteBank» АҚ daily banking директоры Асель Чегимбаева: «Осы дизайндар біздің клиенттерге ұнайды деп үміттенеміз: біздің астананы ұнататындар, осында өзінің орнын, махаббатын тапқандар, мансабын, отбасын құрғандардың әрқайсысы осы объектілерден Астанаға қатысты өздерінің жылы естеліктерін еске түсіретініне сенімдіміз» дейді. 

ForteBank-тің Visa, Solo немесе Black картасы бар әрбір клиенті ForteBank мобильді қосымшасында қаланың өзі ұнатқан сәулет объектісі бейнеленген сандық дизайнды таңдай алады. Карта дизайны Apple Pay, Samsung Pay мен Google Pay жүйесі арқылы төлем жасағанда мобильді телефон экранында көрінеді.

Сонымен қатар, карталардың сандық дизайндары көмегімен өз картаңызды смартфоныңыздан ажыратып, басқару ыңғайлы. Сондай-ақ әртүрлі сандық дизайндар картадағы стандартты суреттерге қарағанда мүлдем басқа көңіл күй қалыптастырады! Оларды тіпті күн сайын өзгерте алады.

Сандық дизайндарды таңдау процесі интуитивті түсінікті: ForteBank мобильді қосымшасында карта бойынша толық ақпарат бөлімін, карта дизайнын таңдап, өзіңізге ұнайтын иллюстрацияны орнатуыңыз қажет. Астана көрінісімен карталардың сандық дизайндары клиенттерге шексіз қолжетімді болады.