Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына билеттер сатыла бастады

internal-image

Астанадағы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына билеттерді 140 елде сатып алуға болады*

Қыркүйек айында Астанада 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Жарыстар мен іс-шараларға билеттерді ресми билет операторының zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты Ойындарды дайындау және өткізу дирекциясының сайтына сілтеме жасап.

Ұйымдастырушылар көрермендерге жеңілдіктер мен шегерімдер берді.
Азаматтардың келесі санаттары үшін тегін билеттер қарастырылған:
0-5 жас аралығындағы балаларға, бөлек орын берілмейді;
I, II топтағы мүгедектерге.
Ескертпе: Билет тиісті құжат ұсынылған кезде офлайн кассаларда ғана беріледі.

Билеттерге шегерімдер азаматтардың келесі санаттары үшін қарастырылған:
– оқушы тарифі (6 жастан 18 жасқа дейін) – негізгі тарифтің 50% жеңілдік ;
– зейнеткер тарифі – негізгі тарифтен 50% жеңілдік
Ескертпе: жеңілдіктер тиісті құжат ұсынылған кезде офлайн кассаларда ғана сатып алынады.

Ойындардың Ашылу салтанатына тегін билеттер мен жеңілдіктер қарастырылмайды.

Көкпар ойынының финалына тегін билеттер қарастырылмайды.

Алдағы Көшпенділер ойындары туралы барлық өзекті жаңалықтарды әлеуметтік желілердегі парақшалардан оқуға болады:
Инстаграм: [worldnomadgames2024](https://www.instagram.com/worldnomadgames2024/)
ТикТок: [worldnomadgames_kz](https://www.tiktok.com/@worldnomadgames_kz?_t=8hn4a4WBSUg&_r=1)
Фейсбук: [worldnomadgames2024](https://www.facebook.com/worldnomadgames2024?mibextid=hrBMPu
Телеграм: [worldnomadgames2024](https://t.me/worldnomadgames2024)