- Астанада мәдени-бұқаралық іс-шараларды реттеу бойынша дөңгелек үстел сәтті өтті
Астанада мәдени-бұқаралық іс-шараларды реттеу бойынша дөңгелек үстел сәтті өтті
2024 жылдың 13 маусымында «Астана даму орталығы» ЖШС базасында «Мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуді реттеу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Кездесудің мақсаты мәдени-бұқаралық іс-шаралар арқылы туризмді дамыту жолдарын талқылау және оларды өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету болды.
Іс-шараға Астана қаласының мәдениет басқармасы, Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы, Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы, Ішкі саясат басқармасы, Астана даму орталығы, «Атамекен» ҰКП, Төтенше жағдайлар департаменті, Ішкі істер департаменті сияқты негізгі қалалық басқармалар мен ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ «Kazakh Tourism» ҰК АҚ және «Еуразиялық креативті индустриялар Қауымдастығы» ЗТБ өкілдері қатысты.
Сонымен қатар қатысушылар арасында «ZAKAZBILETOV.KZ» ЖШС, «Concert Fusion» ЖШС, «Colisium» ЖК, «BG Event Management» ЖШС, «АртЛаб» ЖК, «NS Group PRODUCTION» ЖШС және «Atlas» ЖШС сияқты бизнес қауымдастық өкілдері де болды.
Дөңгелек үстелге қатысушылар іс-шара өтетін орындарды брондау және қауіпсіздік мәселелері сияқты іс-шараларды ұйымдастырудағы өзекті мәселелерді талқылады. Бұл іс-шара мемлекеттік құрылымдар мен бизнес арасында пікір және ұсыныстар алмасуға арналған алаң саналады.
Кездесу қорытындысы бойынша Қауымдастықтармен әріптестік бағдарламасы аясында «Астана даму орталығы» ЖШС мен «Еуразиялық креативті индустриялар қауымдастығы» ЗТБ арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.