- «Астана – менің Отанымның елордасы» әлеуметтік туры
«Астана – менің Отанымның елордасы» әлеуметтік туры
2024 жылдың 12 тамызда «Астана – менің Отанымның Елордасы» атты әлеуметтік туры басталды. Жобаның ұйымдастырушысы Астана қалалық әкімдігінің «Астана даму орталығы» ЖШС.
Жоба аясында еліміздің барлық өңірінен елордаға 1000 аз қамтылған отбасылардың балалары, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және мүмкіндігі шектеулі балалар келеді.
Балалар үшін кәсіби гидтердің қатысуымен ерекше экскурсия және мәдени-көңіл көтеру бағдарламасы ұйымдастырылады.
Жобаның мақсаты мен міндеттері – Астана қаласы туралы балалардың ақпараттандырылу деңгейін көтеру, патриоттық рухты, Отанға деген махаббат пен құрметті арттыру, тарих пен мәдениет жайлы қосымша білім беру, балаларға жақсы оқыған жағдайда жетуі мүмкін мүмкіндіктер мен жетістіктерді көрсету, қиын өмірлік жағдайларға тап болған оқушыларға жәрдемдесу, көңіл көтеру мен ерекше сауықтық бағдарлама арқылы байланыс орнату.
Балалардың Астанаға келуі кезінде елорданың «Астана-Бәйтерек» монументі, «Нұр Әлем» болашақ энергиясы музейі, ҚР Тұңғыш Президентінің музейі, ҚР Ұлттық музейі, «Хан Шатыр» СОО сияқты басты көрікті орындарын көрсету жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, балаларға арналған ең қызықты сауықтыру орындары - Океанариум, Джунгли, Қазақстандағы ең үлкен шолу дөңгелегі, батут саябағын көрсету жоспарлануда, бұл балалардың саяхатын қызықты әрі жоғары деңгейде өткізуге мүмкіндік береді.
Экскурсия, тамақтану және орналастыру бойынша шығындарды Астана қаласының әкімдігі төлейді.