• ADC
  • Tourism
  • Convention bureau
  • Medical tourism
kz
  • kz
  • ru
  • en
Қалада
  • Бос уақыт
  • Оқиғалар күнтізбесі
  • Қайда тамақтанамыз
  • Қайда тоқтау керек
  • Елордада 24 және 48 сағат
  • Медициналық туризм
  • Жаяу экскурсиялар
  • Демалыс күндері турлар
Қаланың жанында
  • Бурабай
  • Зеренді
  • Демалыс аймақтары
Ақпарат
  • City pass
  • Туристік жадынама
  • Қала лентасы
  • Байланыстар
  • Серіктестік бағдарламасы
  • Көлік
  • Айырбастау пункттері
  • Кәдесыйлар
  • ADC
  • Tourism
  • Convention bureau
  • Medical tourism
Қалада
  • Бос уақыт
  • Оқиғалар күнтізбесі
  • Қайда тамақтанамыз
  • Қайда тоқтау керек
  • Елордада 24 және 48 сағат
  • Медициналық туризм
  • Жаяу экскурсиялар
  • Демалыс күндері турлар
Қаланың жанында
  • Бурабай
  • Зеренді
  • Демалыс аймақтары
Ақпарат
  • City pass
  • Туристік жадынама
  • Қала лентасы
  • Байланыстар
  • Серіктестік бағдарламасы
  • Көлік
  • Айырбастау пункттері
  • Кәдесыйлар
Артқа
«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры

«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен 2013 жылы ашылды.

Орталық Азиядағы осынау ірі театр әлемдік сәулет өнерінің ең үздік классикалық дәстүрлері ескеріле салынған; оның техникалық жабдықталуы әлемдік стандарттарға сай келеді. Үлкен зал 1250 орынға, Камералық зал 250 орынға есептелген.

«Астана Опера» репертуарында атақты ұлттық композиторлар шығармалары – М.Төлебаев- тың «Біржан – Сара», А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай», Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» опе- ралары, Ғ.Жұбанованың музыкасына қойылған «Қарагөз» балеті қамтылған. Әлемдік классика Дж.Вердидің «Аида», «Травиата», «Дон Карлос», Дж.Пуччинидің «Богема», «Тоска», «Мадам Бат- терфляй», «Турандот», Ж.Бизенің «Кармен», Дж.Россинидің «Севильдік шаштараз» және «Жібек саты» опера-фарсы, П.Чайковскийдің «Евгений Онегин» операларымен; П.Чайковскийдің «Ұй- қыдағы ару», «Аққу көлі», «Щелкунчик», С.Прокофьевтің «Ромео мен Джульетта», А.Хачатурян- ның «Спартак», Б.Асафьевтің «Бақшасарай бұрқағы», Л.Минкустың «Баядерка» және «Дон Ки- хот», А.Аданның «Корсар» және «Жизель», Л,Делибтың «Коппелия» балеттерімен; М.Фокиннің

«Шопениана» және «Шехеразада», Б.Эйфманның «Роден», Р.Петидің «Париж Құдай анасының соборы», К.Макмилланның «Манон» және т.б. қойылымдармен ұсынылған.

Бас дирижер – Алан Бөрібаев, балет труппасының көркемдік жетекшісі – Алтынай Асылмұра- това.

Спектакльдер сценограф Эцио Фриджерио және костюмдер бойынша суретші Франка Скуар- чапиноның қатысуымен Франко Дзеффирелли, Юрий Григорович, Борис Эйфман, Джанкарло дель Монако, Алан Бөрібаев және т.б. атақты шетелдік және отандық мәдениет қайраткерлерінің қойылымында көрерменге ұсынылуда.

«Астана Опера» сахнасында Бибігүл Төлегенова, Әлібек Дінішев, Айман Мұсақожаева, Нұржа- мал Үсенбаева және тағы басқа әйгілі қазақстандық әртістермен бірге әлемдік музыка өнерінің жұлдыздары: Пласидо Доминго, Зубин Мета, Елена Образцова, Валерий Гергиев, Хосе Каррерас, Анна Нетребко, Марсело Альварес, Светлана Захарова, Ильдар Абдразаков… өнер көрсетті.

Бұл сахнада миландық Ла Скала, неополитандық «Сан-Карло», генуялық «Карло Феличе», Ұлт- тық париж операсы, Санкт-Петербордағы Мариин театры және т.б. айтулы ұжымдар гастроль- дік сапар шеңберінде өнерлерін паш етті.

ЭКСПО-2017 аясында Пласидо Домингоның ХХV Халықаралық «Опералия» вокалистер бай- қауы өтті.

2014 жылы «Астана Операның» әлемдік турнесі орын алды (Нью-Йорк – Торонто – Париж – Антверпен – Роттердам); сонымен қатар Маскат Корольдік театры (Оман), Graz Opera (Австрия), Мариин театры (Ресей), Theatro Municipal (Бразилия), Рим операсы (Италия), «Карло Феличе» театры (Италия), София патшайымның өнер сарайы (Валенсия, Испания) және т.б. театрларда гастрольдік сапар аясында өнер көрсетті. Қыркүйек айында Ресейдің Үлкен театрында өнер көр- сетуі жоспарланған.

«Астана Опера» театры екі мәрте лауреат атанды: А.Жұбанов және Л.Хамидидің «Абай» опера- сы үшін мәдениет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығы (2018) мен «Жылдың театрлық алаңы» аталымы бойынша классикалық өнер саласындағы «BraVo» Ха- лықаралық сыйлығына ие болды (Мәскеу, Ресейдің Үлкен театры, 2019).

Мекенжайы: Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ., Д. Қонаев көшесі, 1

Телефондары: +7 7172 709 600, 7 7172 709 612

Театрдын афишасы
«ЖИЗЕЛЬ»
Көру
Сатып алу
31.10.2021
««ЖИЗЕЛЬ»»
А. Адан

Оқиға негізінде орман перілері туралы аңыз жатыр. Бұл – бақытсыз махаббат салдарынан қайтыс болған елес қыздар, олар ендігі жерде жас жігіттерден кек алуда. Некеқияр көйлектерін киген қыздар оларды есінен танып құлағанша шыр айналдырып билетеді. Француз әдебиетшісі Теофиль Готье бұл аңызбен неміс романтигі Генрих Гейненің жазғаны бойынша танысқан. Олар сценарист Жюль Сен-Жоржбен бірге «Жизельдің» сюжетін санаулы күндер ішінде ойлап табады. Адольф Адан партитураны бар болғаны үш аптада аяқтаған. Хореограф ретінде хас шебер Жан Коралли мен жас Жюль Перро шақырылды.

1841 жылдың 28 маусымында париждік Гранд-операда өткен тұсаукесерінен кейін, «Жизель» балет өнерінің айтулы жетістігіне айналды. Әсерлі сюжеті мен хореография арасындағы өзара тамаша үндестігі «Жизельдің» жолын ашып, болашағын жарқын етті. Ең алдымен, балеттің Ресейде бағы жанды. 1850 жылдары Петерборда балет өзінің авторларының бірі – Жюль Перроның қарамағында болып, одан әрі жетілдіріледі. Алайда, би көріністерінің түпкілікті өзгертулері хореографияның үшінші авторы атанған Мариус Петипаға тиесілі.

Жизель партиясының тұңғыш орындаушысы Карлотта Гризи болған, әр кездері аталмыш рөлде Тамара Карсавина мен Анна Павлова, Ольга Спесивцева және Галина Уланова, Наталия Бессмертнова, Алтынай Асылмұратова… сияқты атақты балериналар билеген.

«Жизельдің» сюжеті анық әрі жинақы: екі бөлім – қос әлемді суреттейді – арман мен қатал өмірдің қарама-қайшылығын көрсететін шындық пен қиял-ғажайып дүние.

«Жизельдің» басты байлығы – оның хореографиясы. Суреттеу құралдарының ішінде арабеск басым – бұл классикалық бидің әдемі бір түрі. Перілер патшалығын бейнелейтін жаппай көріністердің хореографиясы көрермендерді әрдайым баурап алады. Талғам, сән және уақыт үнемі ауысып отырса да, «Жизель» әрқашан сұранысқа ие болып қала бермек.

«АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ БАЛЕТ ӘРТІСТЕРІ ЖӘНЕ ОРКЕСТРІ

Ұзақтығы – 2 сағат 10 минут (бір үзіліспен)

«ЖИЗЕЛЬ»
Көру
Сатып алу
30.10.2021

Қыз Жібек
Көру
Сатып алу
28.10.2021
«Қыз Жібек»
Евгений Брусиловский

«Астана Опера» театрының Үлкен залында жыл сайынғы NUR-SULTAN THEATRE WEEK театр фестивалінің ашылуы өтеді, аталмыш шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналады. Фестивальдің бастамашысы әрі ұйымдастырушысы – Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі.

Фестивальдің қатысушылары: Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театры, М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры, «Жастар» театры, «Астана Балет» театры, Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония, Музыкалық жас көрермен театры (МЖКТ) және Әзірбайжан Мәмбетов атындағы Nomad City Hall театры. Фестивальдің арнайы қонағы – мәскеулік «Современник» театры.

Фестивальдің мазмұнды бағдарламасына бас қала театрларының алтын қорындағы театрлық қойылымдар, Қазақстанның үздік театр қайраткерлерінің режиссура, актерлік техника, сахналық сөйлеу мәнері, сахналық қозғалыс, перформативті тренинг сынды ашық шеберлік сабақтары, сондай-ақ көркемдік көрмелер, елордалық әртістердің шығармашылық концерттері енген.

NUR-SULTAN THEATRE WEEK театр фестивалінің салтанатты ашылу рәсімі «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының сахнасында Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсының көрсетілімі алдында өтеді.

БАҒДАРЛАМА
«ТЕАТР ALL» халықаралық театр фестивалі
  • 1 күн 28.10
  • 4 күн 31.10
  • 5 күн 1.11
  • Время
    Время
    11:00
    Пресс конференция
    12:00
    Театр көрмесінің ашылуы
    16:30
    Қызыл кілем
    17:30 Фестивальдың ашылу салтанаты
    18:00
    «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры Е. Брусиловский «Қыз Жібек»/опера/
  • Время
    Время
    18:00
    «Жизель»/балет/
  • Время
    Время
    11:00
    "Қазақстанның заманауи театр процесі: мәселелері мен оларды шешу жолдары" тақырыбындағы ғылыми-тәжірибелік конференциясы
    19:00
    Фестивальдің жабылу салтанаты. «Teaтр ALL» І театр премиясын табыстау
Басқа театрлар
М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры
М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры
«AstanaMusical» мемлекеттік театры
«AstanaMusical» мемлекеттік театры
«Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театры»
«Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театры»
«Астана Балет» театры
«Астана Балет» театры
«ЖАСТАР ТЕАТРЫ»
«ЖАСТАР ТЕАТРЫ»
Музыкалық жас көрермен театры
Музыкалық жас көрермен театры
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Қуыршақ театрының» МКҚК
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Қуыршақ театрының» МКҚК
Государственный театр драмы и комедии имени Азербайжана Мамбетова
Государственный театр драмы и комедии имени Азербайжана Мамбетова
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Наз» мемлекеттік би театры» МКҚК
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Наз» мемлекеттік би театры» МКҚК
Қалада
  • Бос уақыт
  • Оқиғалар күнтізбесі
  • Қайда тамақтанамыз
  • Қайда тоқтау керек
  • Елордада 24 және 48 сағат
  • Медициналық туризм
  • Жаяу экскурсиялар
  • Демалыс күндері турлар
Қаланың жанында
  • Бурабай
  • Зеренді
  • Демалыс аймақтары
Ақпарат
  • City pass
  • Туристік жадынама
  • Қала лентасы
  • Байланыстар
  • Серіктестік бағдарламасы
  • Көлік
  • Айырбастау пункттері
  • Кәдесыйлар
Бірыңғай такси қызметі
15800
Әлеуметтік желі
Partner
Бірыңғай такси қызметі
15800
Әлеуметтік желі
Барлық құқықтар қорғалған © 2025
Әзірленген: Logo Kazinsys