Экскурсия туралы
Сізді не күтеді
Орталық Азиядағы парфюмерия өндірісінің толық циклін жүзеге асыратын — хош иіс формуласын әзірлеуден бастап дайын құтыға дейінгі жалғыз фабрика. «Аромат» ЖШС — парфюмерлік өнімдер өндіретін өнеркәсіптік кәсіпорын, ол елорданың индустриялық паркінде орналасқан. 2020 жылғы қаңтарда компания Арнайы экономикалық аймақтың құрамына кірді.
Зауыттың аумағы 7 мың шаршы метрден асады. Мұнда үлкен өндірістік цехтан бөлек, химиялық ингредиенттерді, шикізат пен жинақтаушы бөлшектерді сақтауға арналған қоймалар, дайын өнім қоймалары, блистерлік цех және капсулалық өндіріс бар. Өндіріс барынша автоматтандырылған және еуропалық өндірушілердің жинақтаушы бөлшектерін пайдалана отырып жұмыс істейді: 2022 жылы өндіріс кеңейтіліп, роботтандырылған жабдық іске қосылғаннан кейін кәсіпорынның қуаттылығы жылына 5 млн құтыға дейін жетті. Фабрикада 120 адам жұмыс істейді.
Компанияның жүрегі — зауыт аумағында орналасқан жеке зертханасы. Хош иіс формулаларын жасау бойынша ғылыми жұмыстарды білікті мамандар жүргізеді, ал композицияларды әзірлеуге еуропалық серіктес зертханалардың жоғары білікті парфюмерлері тартылады. Компанияның Францияның Грасс қаласында — әлемдік парфюмерия астанасында — жеке парфюмерлік ательесі де бар.
Өндірістің негізгі ассортименті — қолжетімді бағамен ұсынылатын парфюмерлік су. Компания мамандары 370-тен астам хош иіс әзірлеген. Сонымен қатар фабрика үйге арналған парфюмерия, автокөлікке арналған парфюм, хош иісті сулар, балалар парфюмериясы және денеге арналған спрей-вуальдар шығарады. Болашақта косметикалық өнімдер, хош иісті шамдар және ауа сергіткіштерін шығару жоспарлануда.
Фабрика бірнеше парфюмерлік өнім брендтерін шығарады: «Vittorio» — италиялық нишалық парфюмерия, «ETE», «The Spirit of Kazakhstan» — қазақстандық премиум желі және «S Parfum». «S Parfum» брендімен шығарылатын өнімдер әртүрлі көлемде ұсынылады — парфюмерияны құю үшін 2-ден 100 мл-ге дейінгі құтылар пайдаланылады. Көлеміне қарамастан, әр дайын өнім бірлігі халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келеді: фабрикада табиғи, сертификатталған импорттық шикізат қолданылады.
Өнімнің 90%-ы экспортқа шығарылады: ол Ресейдегі 850-ден астам дүкенде және Қазақстан, Беларусь, Тәжікстан, Молдова мен Қырғызстандағы 80 дүкенде ұсынылған. 2022 жылдан бастап «Аромат» ЖШС парфюмерияны Таяу Шығысқа да жеткізеді — сол жылы алғашқы көтерме партия Кувейтке жөнелтілді.
Бағдарламаға кіреді: хош иіс формулалары жасалатын зертханадан бастап, құю және қаптау цехтарына дейінгі толық циклді өндіріс орнымен танысу. Бағдарламаның нақты мазмұны кәсіпорыннан нақтыланады.
Экскурсия туралы мәлімет:
Мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Алматы ауданы, Ақтекше көшесі, 4
Ұзақтығы: 1 сағат
Топтарды қабылдау кестесі: сұраныс бойынша
Құны: нақтыланады
Жазылу үшін байланыс:
«Аромат» ЖШС, Астана қ.
Телефон: +7 702 284 9435, Альбина
E-mail: info@aromat-kz.com
Сайт: aromat-kz.com
Экскурсия туралы