Экскурсия туралы:
Қазақстанның астанасы — Астананың тарихы мен заманауи келбетін біріктіретін ерекше саяхатқа қатысыңыз. Экскурсия Кенесары хан ескерткішінен басталады. Ол — Абылай ханның немересі, қазақ халқының тәуелсіздігі үшін күрескен соңғы хан, ұлт-азаттық қозғалыстың жетекшісі.
Сізді не күтеді
Сіз Есіл (Ишим) өзенінің жағалауымен серуендеп, қаланың екі жағын біріктіретін табиғи және тарихи кеңістікті тамашалайсыз. Серуен Орталық саябаққа жалғасады, мұнда жазғы амфитеатр орналасқан — ашық аспан астындағы мәдени сахна.
Келесі аялдама — ерекше пішінді «Атырау» жаяу көпірі, ол күн сәулесінде жарқыраған алып балықты елестетеді. Экскурсия барысында сіз бұрынғы әкімдік алаңында, яғни бұрынғы Целиноград орталығында боласыз. Мұнда Тұңғыш Президенттің 186 тарихи фотосуреттері қойылған ашық көрме орналасқан.
Әрі қарай бағдарлама Тәуелсіздік алаңында жалғасады. Мұнда сіз «Қазақ елі» монументін, Тәуелсіздік және Бейбітшілік сарайларын, сондай-ақ Хазрет Сұлтан мешітін көресіз.
Соңғы аялдама — сол жағалау, мұнда «Астана Опера» театры, «Бәйтерек» монументі, ресторандар аллеясы, «Хан Шатыр» СОО және басқа да заманауи нысандар бар.
Экскурсия мәліметтері:
Ұзақтығы: 3 сағат
Топ: 1–50 адам
Тілдер: қазақ, орыс, ағылшын (басқа тілдер сұраныс бойынша)
Бағасы: 2500 тг-ден (топ санына байланысты)
Байланыс:
Телефон: 8 778 100 90 73
E-mail: info@explorekazakhstan.com
Экскурсия туралы