- Астанадағы жыл мезгілдері
14 желтоқсан
- 14 желтоқсан
Астанадағы жыл мезгілдері
«Астана Балет» театрының сахнасында әлемге әйгілі скрипкашы Ержан Құлыбаев өнер көрсетеді.
«Astana Ballet» сахнасындағы концертінде талантты виртуоз Ержан Құлыбаев аргентиналық композитор Астор Пьяццолла мен итальяндық композитор әрі скрипкашы Антонио Вивалдидің шығармаларын орындады.
Ержан Құлыбаев – скрипкашы, халықаралық деңгейде мойындалған және Қазақстанды бүкіл әлемге танытып жүрген, ең жарқын және дарынды жас концерттік солистердің бірі. Көптеген мәртебелі марапаттардың иегері, талай қиын байқаулардың жеңімпазы.
Оның концерттері Нью-Йорктегі Карнеги Холл, Санкт-Петербордағы Мариинский театрының концерттік залы, Санкт-Петербургтегі әйгілі концерт залдарында өтеді. Лондондағы Джеймс Черч Пиккадилли», Мадридтегі «Auditorio Nacional», Торонтодағы «Sony Center for Performing Arts», Берлиндегі «Konzerthaus», Париждегі «Опера Бастилия» және т.б. Ержан Құлыбаев 1722 жылғы Страдивари скрипкасында ойнайды, ол керемет техникамен және сенімді, эмоционалды орындауымен жарқырайды. Сырттай сезімге сараң скрипкашы қуатты дыбысымен, тамаша техникасымен, ғажайып энергиясымен тыңдаушыларды баурап алады. Вивальдидің атақты туындылары мен Астор Пьяццолла шығармаларының скрипкаға арналған өз аранжировкалары елорда жұртшылығына мол сыйлық болмақ.

Толығырақ