- Тілеужан Батановтың «Сезім» атты жеке көрмесі
Тілеужан Батановтың «Сезім» атты жеке көрмесі
2024 жылғы 26 қыркүйек пен 27 қазан күндері арасында ҚР Ұлттық музейінде Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Қазақстанның Суретшілер одағы және Дизайнерлер одағының мүшесі, Суретшілер академиясының академигі, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Дизайн кафедрасының профессоры Тілеужан Батановтың «Сезім» атты жеке көрмесі өтеді.
Тілеужан Батановтың әр туындысының кескіні, реңктері, композиция және сюжеттері қылқаламның ұшынан сезіммен шыққандай. Себебі, автор әр шығармасында адамға бақыт сылайтын айрықша маңызды нәрселерді бейнелі көріністермен сездіруге ұмтылады. Жастық, әсемдік, махаббат, отбасы, ұрпақтар үндестігі сияқты кез келген адам үшін теңдессіз құндылықтарды мүсіндеуден де тауып отырады. Суретші өз шығармашылығында бейнелерді тек реалистік баяндаумен ғана шектеліп қалмайды. Қажет жерінде реалистік жүйе мен жартылай абстрактілік декоративті қалыпты ұштастыра біледі.
200-ден астам шығармашылық көркем және мүсін жұмыстары АҚШ, Ресей, Швейцария, Дания, Австралия, Нидерланд, Түркия, Германия, Грузия, Өзбекстан және басқа да жекеменшік коллекцияларда сақтаулы.
Көрмеге автордың кескіндемелік, графикалық және мүсіндік 150-ге жуық шығармашылық жұмыстары қойылады.
Назар аударыңыз!
Техникалық күн – дүйсенбі
Санитарлық күн – әр айдың соңғы сейсенбісі. (24 қыркүйек, 29 қазан)
Назар аударыңыз! Бұл күндері музей жабық.
Әр айдың үшінші жексенбісінде (20 қазан)
Қазақстан Республикасының тұрғындары үшін мұражайға кіру ТЕГІН (шетелдік көрмелерді қоспағанда).