Сайт қол жетімді емес

Күшті жүктемеге байланысты сайт бірнеше минуттан кейін қайта жұмыс істейді.

Сайт недоступен

Ввиду сильной загруженности сайт возобновит работу через несколько минут

The site is unavailable

Due to heavy load, the website will resume operation in a few minutes.

Получите консультацию!

Visit Astana

Сіздің ақылды ботыңыз

Visit Astana

Сәлем! Мен Астана қаласы бойынша сіздің көмекшіңіз және гидіңізмін.
Мен сізге қалай көмектесе аламын?

Қазақ даласындағы Кобзарь: тарих пен тағдыр тоғысы
05 қыркүйек - 20 қыркүйек

Қазақ даласындағы Кобзарь: тарих пен тағдыр тоғысы

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде 2025 жылғы 4 қыркүйек – 20 қыркүйек украин халқының ұлы ақыны, жазушысы, суретші және қоғам қайраткері Тарас Григорьевич Шевченкоға арналған «Қазақ даласындағы Кобзарь: тарих пен тағдыр тоғысы» атты көрме өтеді.

Көрме Тарас Григорьевич Шевченконың қазақ жеріндегі шығармашылығына және украин халқының этнографиялық мұрасына арналған.

Айдауда жүрген жылдары (1847 – 1857) Шевченко қазақ жері мен халқының тыныс-тіршілігін терең зерттеп, өзінің күнделіктерінде және көркем туындыларында қазақтардың қонақжайлылығы мен қайсарлығына үлкен құрметпен қарады. Оның шығармашылығы - екі халық арасындағы мәдени және рухани байланыстардың көрінісі болды.

Көрменің мақсаты- қазақ және украин халықтарының тарихи-мәдени сабақтастығын жаңа қырынан көрсету, сондай-ақ Тарас Шевченконың қазақ даласындағы шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттау. Бұл көрме қос халықтың рухани үндестігі мен ортақ мәдени құндылықтарын дәріптеуге бағытталған маңызды бастама.

Көрмеге барлығы 115 жәдігер қойылды. Экспонаттардың барлығы Ә.Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің Түпқараған аудандық филиалы қорынан алынған.

 

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі,

Астана қ.¬, Тәуелсіздік даңғ. 54,

+7 (7172) 91‒90‒35

+7 (7172) 91‒90‒36

https://www.instagram.com/nationalmuseumkz/

https://www.facebook.com/www.qrum.kz


Жұмыс уақыты: сейсенбі-жексенбі:

09.30-18.00.

Касса:

09.30-17.00.

Барлық залдарды аралап шығуға болатын уақыт 2-ден 4 сағатқа дейін. Келуден бұрын музейдің жұмыс уақытын ескеріңіз.

Техникалық күн – дүйсенбі

Санитарлық күн – әр айдың соңғы сейсенбісі . (30 қыркүйек)

Назар аударыңыз! Бұл күндері музей жабық.

Әр айдың үшінші жексенбісінде  Қазақстан Республикасының тұрғындары үшін музейге кіру ТЕГІН (шетелдік көрмелерді қоспағанда).

(21 қыркүйек)

Науқан:

Мектептен демалыс күндері тұрақты көрмелер және уақытша көрмелер (шетелдік көрмелерден басқа) залдарында БАЛАЛАР ҮШІН музейге кіру ТЕГІН.

Шолу:

Алтын залсыз шолу – 30 минут

Алтын залмен шолу – 45 минут

Топтық экскурсияларға мына телефондар бойынша жазылыңыз: 91-90-35, 91-90-36

Экспонаттарды қолмен ұстауға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

Музей залдарына сусын мен тамақпен кіруге ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

14 жасқа дейінгі балалар ересек адаммен бірге музейге баруы керек.

Құны – 500 теңгеден бастап, музейге кіру тарифтеріне сәйкес.

7 жасқа дейінгі балаларға кіру - ТЕГІН.

7 жастан 18 жасқа дейін - оқушылық тарифі. 

18 жастан 22 жасқа дейін – студенттік тариф (студенттік билетті көрсеткен кезде).

Толығырақ
Қазақ даласындағы Кобзарь: тарих пен тағдыр тоғысы
Қазақ даласындағы Кобзарь: тарих пен тағдыр тоғысы
Толығырақ
Толығырақ
Backstreet Boys алғаш рет Астанаға келеді!
Backstreet Boys алғаш рет Астанаға келеді!
Толығырақ
Толығырақ
"Щелкунчиктің шытырман оқиғалары" балалар шыршасы
"Щелкунчиктің шытырман оқиғалары" балалар шыршасы
Толығырақ
Толығырақ
"Щелкунчиктің шытырман оқиғалары" балалар шыршасы
"Щелкунчиктің шытырман оқиғалары" балалар шыршасы
Толығырақ
Толығырақ
"Qazaqstan LIVE Fest 2025" халықаралық көрмесі
"Qazaqstan LIVE Fest 2025" халықаралық көрмесі
Толығырақ
Толығырақ
"InfraTech Kazakhstan 2025" халықаралық көрмесі
"InfraTech Kazakhstan 2025" халықаралық көрмесі
Толығырақ
Толығырақ