«Ұрпаққа мұра» атты мерейтойлық жеке көрме
06 тамыз - 08 қыркүйек

«Ұрпаққа мұра» атты мерейтойлық жеке көрме

Проспект Тауелсиздик, 54, Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде 2024 жылғы 6 тамыз күні Музейдің 10 жылдығына орай Қазақстанның танымал зергері, реставратор, отандық зергерлік өнердің дамуына зор үлес қосқан новатор Берік Әлібайдың жеке «Ұрпаққа мұра» атты мерейтойлық көрмесі ашылады.

Берік Әлібай – ҚР Дизайнерлер одағы және ҚР Суретшілер одағының мүшесі, ҚР Мәдениет қайраткері, Карл Фаберже Халықаралық мемориалдық қорының «Еңбегі сіңген зергер» гауһартасты Орденінің иегері. 

Зергердің жұмыстары дәстүрлі қазақ мотивтері мен заманауи дизайнерлік шешімдерді үйлестіретін ерекше стилімен белгілі. Шебер күміс, алтын, асыл және жартылай асыл тастар, сүйек пен ағаш сияқты түрлі материалдармен жұмыс істейді.

Көрмеде зергердің 158 авторлық бұйымы, панно (плакетка), ер-тұрман, бас киімдер, қару-жарақ, белдіктер және т.б. туындылары ұсынылып отыр. Бұл соңғы он жылдағы жаңа әрі ең үздік туындылар.

Назар аударыңыз!

Дүйсенбі демалыс күні, айдың соңғы сейсенбісі санитарлық күн (27 тамыз).

Бұл күндері музей жабық.

Әр айдың үшінші жексенбісінде (18 тамыз)

Қазақстан Республикасының тұрғындары үшін мұражайға кіру ТЕГІН (шетелдік көрмелерді қоспағанда).


Толығырақ
"Щелкунчиктің шытырман оқиғалары" балалар шыршасы
"Щелкунчиктің шытырман оқиғалары" балалар шыршасы
Толығырақ
Толығырақ
"Щелкунчиктің шытырман оқиғалары" балалар шыршасы
"Щелкунчиктің шытырман оқиғалары" балалар шыршасы
Толығырақ
Толығырақ
"Qazaqstan LIVE Fest 2025" халықаралық көрмесі
"Qazaqstan LIVE Fest 2025" халықаралық көрмесі
Толығырақ
Толығырақ
"InfraTech Kazakhstan 2025" халықаралық көрмесі
"InfraTech Kazakhstan 2025" халықаралық көрмесі
Толығырақ
Толығырақ
IFLA халықаралық конгресі
IFLA халықаралық конгресі
Толығырақ
Толығырақ
Isaac 15-ші халықаралық конгресі
Isaac 15-ші халықаралық конгресі
Толығырақ
Толығырақ