- Kega Music Bar
Kega Music Bar
Бағасы: 3000 тг. бастап
проспект Богенбай батыра, 42
Сипаттама
«Кега» бары – Астана тұрғындары мен қонақтарына арналған тамаша орын! Мұнда балғын сыра, тамаша асхана және сапалы сервис үйлесім тапқан. «Кега» сөзі қандай мағына білдіреді десеңіз тарихқа құлақ салып көріңіз.«КЕГ» сөзі шведтің KAGG — «ШАҒЫН БӨШКЕ» өзінен шыққан. 1929 жылы Германияда немістердің сүйікті сырасын сақтау үшін дөңес ағаш бөшкенің орнына алғашқы металл цилиндр ыдыс жасалған. 50-жылдары Австралияда МУФТАны ойлап тапқан, одан кейін Англияда білікті ФИТИНГ жасалған. Муфта және фитинг кегті саңылаусыз еткен және сыраны сақтауда сапасы жоғары болған. Осылайша өнертабыс ғаламды шарлап кеткен.
«Ең шырынды, нәрлі ет – сүйектегі ет, ең құнарлы жер – тау арасындағы жер» деген кавказ мақалы бар. Оған білгірлер «Ең дәмді сыра – кегтегі сыра» деп қосады. Осы пікір бізді де бей-жай қалдырған жоқ. Нәтижесінде біз «КЕГА» деген атаумен бренд қалыптастырдық.
КЕГА брендімен шығарылатын сыра бірегей рецепт бойынша жасалады. KEGA сырасы – жаңадан қайнатылған, табиғи сусын, оның үш түрі болады: ақшыл, сүзілмеген және сүзілмеген бидайдан жасалған. Заманауи технологияларды қолдану сыраның дәмділігін арттырып қана қоймай оның сапасын да жоғарылатады.