Farhi Мейрамханасы

Farhi Мейрамханасы

Бағасы: 5000 тг. бастап
Ә. Мәмбетов көшесі, 3 жағалау
Сипаттама
Farhi мейрамханасындағы қазақ қонақжайлығы философиясы

Сіздерді қазақ тағамдарының қайталанбас дәмін шаңырақ астындағы киіз үймен үйлескен жайлы интерьерде татып көруге шақырамыз.

Біз ежелгі рецепттердің сырларын пайдаланамыз, соның нәтижесінде ұлттық дастарханның көптеген тағамдары шынайы және қайталанбас тіл үйірер дәмге ие болады. Сонымен қатар, қазақ асханасынан басқа, еуропалық және шығыс асханаларын ұсынамыз.

Біздің мейрамхана 100 адамға дейін банкеттер өткізуге қолайлы: шағын тойлар, қыз ұзату, шілдехана, тұсау кесу, қалжа, сырға салу, беташар, құдалық және басқа да дәстүрлі қазақи шаралар. Farhi мейрамханасында шетелдік қонақтарды қазақ ұлттық дастарханымен таныстырып, ұжымдық шаралар өткізуге болады. Тыныштықты қалайтын қонақтар үшін жеке есігі бар VIP-зал ұсынамыз.