"Coffee Boom" Құдайбердіұлы 19В

"Coffee Boom" Құдайбердіұлы 19В

Бағасы: 3500 тг. бастап
Құдайбердіұлы көшесі 19
Сипаттама

Біз туралы

БАСТАМА

Қазір бұл күніне сан мәрте жүзеге асады – сатып алуға арналған кофе өте жақын қашықтықта орналасады. Барлығы 2010 жылы Манас көшесіндегі жанармай бекетінде шағын кофехана ашылғанда басталған және жұмыстар “ take away”, яғни өзіңмен бірге кофені алып кету режимінде жүзеге асырылған.

Алғашқы сатып алушылар – автокөлік иелері ыстық кофе мен қытырлақ сэндвичті жұмысқа баратын жолында бірге ала кететін болған.

Бұл Астана үшін жаңалық, ал біздер үшін жұмыстың басты атрибутына айналған.

2014 жылы қаланың әр түрлі бөліктерінде бірден екі кофехана ашылған.

БІЗДІҢ ЖҰМЫС ҰСТАНЫМЫМЫЗ

Біз тұтынушылармен қатынастың жалпы түрін қалыптастыруға және осындай қатынастарды ең жоғары сапалы сыпайы және арнайы оқыған қызметкерлер ұсынатын бір саптыаяқ кофеден бастап біздің әлеуметтік бағдарымызға дейін сақтауға тырысамыз (business social responsibility).

«Кофебум» – барлығы достасатын орын! Сол себепті біз қонақтарымызға жайлы жағдай жасап, кофе дәмінен рахаттануына жағдай жасауға тырысамыз. Келушілеріміздің арқасында біздің дамуға мүмкіндігіміз бар.

Біздің қызметкерлеріміз Франция, Италия және Ресейдегі үздік кондитерлерден оқиды.

CoffeеBOOM бүгінгі таңда – бұл үш жайлы кофехана, мұнда қаланың қарбалас өмірінен тынығуға және тамақтануға, достармен уақыт өткізуге, балалар мерекелерін ұйымдастыруға, таңғы, түскі және кешкі ас ішуге болады.

Өмірді дәммен толықтыр – біздің компанияның басты идеясы!

Жұмыс уақыты

Тәулік бойы, демалыссыз