«Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешені

«Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешені

«Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешені – халықаралық деңгейдегі спорттық іс-шараларды өткізуге мүмкіндігі бар көпфункционалды спорт ғимараты. Аталған спорт кешенінде кәсіби спортшылардың күнделікті жаттығу жұмыстарын жүргізулеріне қажетті жағдай жасалған.

Жеңілатлетикалық арена (трибуналары бар жеңілатлетикалық ядро) келесі кеңістіктерді қамтиды:

·        ядроның сыртқы периметрі бойынша ені 1 метр, ұзындығы 200 метрлік 6 параллельді жүгіру алаңдары бар;

·        ядроның ортасына қарай 8 параллельді жүгіру алаңдары бар, ені 1,22 метр, 50-60 метрге жүгіруге арналған және финиш алаңында тежегіш зонасы бар.

·        биіктікке және үш қарғып секіруге арналған сектор;

·        шестпен секіруге арналған сектор;

·        трибуналар 6838 орындықты қамтиды.

Сонымен қатар, спорт кешенінде:

·        ұзындығы 25 метрлік 6 жолақты бассейн;

·        екі суасты жүгіру жолақтары бар бассейн;

·        спортшыларға арналған 40 жатын орындық қонақжай;

·        атлетикалық зал;

·        ұзындығы 160 метрлік жүгіру жолақтары бар сергіту жаттығуларына арналған трек бар. Онда биіктікке, ұзындыққа секіруге арналған секторлар бар;

·        баспасөз маслихаттарына арналған 400 орынды қамтитын жайлар;

·        аудармашыларға арналған орындармен қамтамасыз етілген 242 орындық кәсіби интервью залы;

·        130 орындық кафе бар.

Бару ұсынылады