Получите консультацию!

Visit Astana

Сіздің ақылды ботыңыз

Visit Astana

Сәлем! Мен Астана қаласы бойынша сіздің көмекшіңіз және гидіңізмін.
Мен сізге қалай көмектесе аламын?

Музыкалық жас көрермен театры
Музыкалық жас көрермен театры
Жақып Омаров көшесі, 47Б
Астана қаласындағы Музыкалық жас көрермен театры — жастар мен отбасы көрермендеріне арналған мемлекеттік театр. Ол музыкалық спектакльдерге, мюзиклдер мен музыкалық драмаларға маманданған. Театр Ж. Омаров көшесі, 47Б мекенжайында орналасқан. Өнер ордасы жақсы беделге ие, көрермендерін классикалық және заманауи қойылымдармен, ұлттық реңкі бар шығармалармен қуантады.
Тарихы

Астана қаласы әкімдігінің «Музыкалық жас көрермен театры 2020 жылдың 1-ші қазанында құрылды. Ал салтанатты ашылуы 14 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында өтті. Алғашқы маусымының тұсаукесері – халқымыздың ұлы ақыны әрі ойшылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай сахналанған М.Әуезовтің «Абай–Тоғжан» музыкалық драмасымен тұңғыш маусымын ашты.

Театрдың директоры болып Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, PhD докторы, президенттік халықаралық «Болашақ» бағдарламасының түлегі Асхат Максимұлы Маемиров тағайындалды. Бұған дейін Асхат Максимұлы Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының ректоры, М.Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық драма театрының директоры, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жанындағы «Қазақ әуендері» АҚ президенті, Қазақстан театрлар ассоциациясының вице-президенті, «Қазақконцерт» өнер бірлестігінің бас директоры, Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының директоры қызметтерін атқарған.

2020 жылдың 28-30 қыркүйек күндері кастинг ұйымдастырылып, 50-ден астам дарынды артистер таңдап алынды. Оның құрамында Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, 71-ші Канн халықаралық кинофестивалінің жеңімпазы Самал Еслямова, «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары Аян Өтепберген, Асылхан Төлепов, Дария Болсанбек, Расул Усманов, Саламат Мұқашев, Оразалы Игілік, Халықаралық байқаулардың лауреаттары Ернар Садырбаев, Аман Ғұмаров, т.б. жас артистер бар.

Музыкалық жас көрермен театрының жұмысы жас ұрпақтың бойына рухани құндылықтарды дарытып, отандық және әлемдік музыкалық қойылымдарды сахналау арқылы балалар мен жасөспірімдердің мәдени-эстетикалық әлемін, таным-тағылымын, шығармашылық әлеуетін жетілдіруге бағытталған.

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-Жексенбі: 10:00–18:00


Байланыс телефоны:

+7 (7172) 53‒25‒48

8 701 149 09 01

Баруды ұсынамыз

«Astana Musical» ұлттық театры

«Astana Musical» ұлттық театры

Жастар театры «Современник»

Жастар театры «Современник»

«Қанаттылар» инклюзивті театры

«Қанаттылар» инклюзивті театры

Театр оперы и балета «Астана Опера»

«Астана Опера» опера және балет театры

Казахский музыкально-драматический театр имени К.Куанышбаева

К.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік театр

Астана қаласы әкімдігінің «Қуыршақ театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Астана қаласы әкімдігінің «Қуыршақ театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

А. Мамбетов атындағы мемлекеттік театр

А. Мамбетов атындағы мемлекеттік театр

Государственный академический русский театр драмы имени М.Горького

М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры