Бозоқ ортағасырлық қалашығы

Бозоқ ортағасырлық қалашығы

Географиялық үйлесімділігі С.Ш. 51° 08' 42.1'', В.Д. 71° 42' 51.3''. Ескерткіш Астана қаласының оңтүстік-батыс шетінде, Бұзықты көлінің шығыс жағалауында орналасқан.

Ескерткіш ерте орта ғасырда (VIII-IX ғғ.) көне қыпшақ тайпаларының киелі орталығы ретінде пайда болған. Қыпшақ хандығы дәуірінде (Х-ХІІ ғғ.) қаған ордасы, Дешті-Қыпшақ билеушілерінің резиденциясы ретінде саналған. XIII-XVI ғғ. Жошы Ұлысы және Қазақ хандығының қалыптасу кезінде көшпелілердің жерлеу орны және ғұрыптық мемориалды кешеніне айналған.

Ескерткіш алғаш рет ескерткіш тау-кен инженері И.П.Шангиннің жазбаларында айқындалып, белгіленген (1816 ж.). 1998 ж. қалашықты белгілі археологтар Кималь Ақышевпен Марал Хабдулина ашқан. Ескерткіште Есіл стационарлық археологиялық экспедициясы 1999 – 2014 жж. қазбалар жүргізген.

Бозоқ қалашығының құрылымы төрт бөліктен тұрады. Бірінші және ең көне бөлігі – қалашықтың ең жоғары алаңында орналасқан, ор, біліктермен қоршалған, кесенелер мен мұсылман қорымдарының қалдығы бар үш квартал. Екінші бөлігі – ортағасырлық зират. Үшінші бөлігі – стационарлық жертөлелер кешені. Төртінші бөлігі – ежелгі жер суғару алқабы.

Кварталдар өзара тіркескен, және кешенді түрде үш жапырақты гүлге ұқсаған. Кварталдар көлемі шамамен бірдей: 65х55 м. Қазіргі уақыттағы біліктердің биіктігі 1 м, негізінің ені 10-15 м, орлардың ені 3 м, тереңдігі 0,5-1 м. Кварталдардың түйіскен ортасында 60х17 көлемдегі, биіктігі 2 м, батыстан шығысқа қарай созылған тіктөртбұрышты алан орналасқан. Оның жоғары жағында жерлеу орындар қоршаулары, күйдірілген кірпіштен соғылған кесенелер салынған.

Жертөлелік сипаттағы көп бөлмелі үйлер ескеркіштің солтүстік бөлігінде орналасқан. Қабырғалары балшықтан сыланған, шеттері күйдірілген кірпіштермен бекітілген суфалар орнатылған. Үйлер қабырғадағы ошақтар мен пештер арқылы жылытылып отырған.

Бүгінде ескерткіш аумағында "Бозок" ашық аспан астындағы ұлттық паркінің құрылысы жүргізілуде. Жобаның негізгі міндеті Бозок қалашығын қалпына келтіру болып табылады.

Бару ұсынылады